Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет526/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Тромбоэмболиялық 
ішек 
бітелуі
ішектердің 
қабырғаларында қанайналым бҧзылыстарынан дамиды. Бҧл кезде 
ішек тамырларының ішінде қан қатпаларының (тромбылардың) 
пайда болуынан немесе эмболдар тҧрып қалуынан ішектерде 
қанайналым бҧзылады. 
Ішектердің жоғарғы бӛліктерінің бітелуі, тоғышектердің 
бітелуіне қарағанда, ауыр ӛтеді. 
Ашішектердегі интерорецепторлардың артық қоздырылуынан 
қатты ауыру сезімі пайда болады, кейде ауырулық сілейме 
(шок) дамуы мҥмкін. 
Ішек бітелуі кезінде ас қорытатын сӛлдердің бӛлінуі 
және оның кері сорылуы бҧзылыстары нәтижесінде су мен 
электролиттердің алмасуы бҧзылады; толастамайтын қҧсу 
пайда болады. Қҧсықпен бірге кӛп су (тәулігіне 5-7 л 
дейін) натрий, калий, сутегі иондары, гидрокарбонаттар мен 
хлор организмнен сыртқа шығарылады. Осыдан гиповолемия, 
артериялық гипотензия дамиды. Калий иондарының организмде 
азаюы ішектердің атониясына әкеледі. 
Ішек бітелуі кезінде қышқылдық-сілтілік ҥйлесімділік 
бҧзылады. Гидрокарбонаттардың (ҧйқы безі және ішек сӛлдері 
қҧрамында) 
қҧсықпен 
кӛп 
шығарылуы 
сутегі 
иондары 
шығарылуынан басым болғандықтан метаболизмдік ацидоз 
дамиды. Ацидоз дамуы жалпы қан айналым және ішкі 
ағзалардың 
қызметтері 
бҧзылыстарына 
әкеледі. 
Егер 
асқазанның қышқыл сӛлі қҧсықпен басым шығарылса, онда 
метаболизмдік алкалоз дамиды. 
Ішек 
бітелу 
нәтижесінде 
ас 
қорытылу 
бҧзылады, 
ішектерде тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі 
кҥшейеді, уытты заттар қҧрылып, қанға тҥседі. Ішектер 
газбен керіліп, бҧрап қатты ауыру сезімі пайда болады. 
 
Ішектік ӛзіндік уыттану. 
Адам 
ішектерінде, 
әсіресе 
тоғышектің 
тӛменгі 
бӛліктерінде анаэробты микробтардан тҧратын микрофлора 
міндетті 
тҥрде 
болады. 
Қалыпты 
ішек 
микрофлорасы 
дерттуындататын микробтардың дамуын тежеп, қорғаныстық 
қызмет атқарады. Сонымен қатар, олар ішекте кейбір 
витаминдердің тҥзілуін қамтамасыз етеді. Ішекте аз 
мӛлшерде іру-шіру ӛнімдері (индол, скатол, крезол, фенол, 
әсерлі аминдер т.б.) болады. Олар ішек қабырғаларының және 
бауырдың тосқауылдық әрекеттерінің нәтижесінде организмге 
уытты әсер етпейді. Ал тоғышектің қабынуы (колит), іш қату 
және ішек бітелуі, дисбактериоз кездерінде іру-шірудің 
кҥшеюі бауырдың тосқауылдық әрекетінен асып кетіп, 


630
организмнің уыттануына әкеледі. 
Осыдан тез дамитын ӛзіндік уыттанудың нәтижесінде 
артериялық қан қысымы тӛмендейді, жҥрек әлсіздігі дамиды, 
ми қызметтері тежеледі, тыныс алу нашарлайды, кома дамуы 
мҥмкін. 
Созылмалы ішектік ӛзіндік уыттану кездерінде бас 
ауыруы, жҥрек дистрофиясы, анемия дамиды. Ас қорыту 
жолдарының сӛл бӛлу қабілеті тӛмендейді, тәбет жоғалады
ас қорытылуының жеткіліксіздігі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет