668
гормондардың тҥрлерімен байланысты болады. Негізінен екі
тҥрлі адреногениталдық синдром болуы мҥмкін:
● гетеросексуалдық – науқас адамның жынысына қарама
қарсы жыныстың гормондары ӛндірілуінен;
● изосексуалдық – науқас адамның ӛзінің жыныстық
гормондарының тым ерте немесе артық ӛндірілуінен.
Гетеросексуалдық адреногениталдық синдром әйелдерде
жиі кездеседі. Бҧл жагдайда, ӛспе биологиялық әсері
бойынша еркектердің жыныс гормондарына сәйкес гормондарды
(андростендион,
андростерон)
ӛндіреді.
Ӛндірілген
гормондар кері байланыс заңдылығы бойынша гипофизде
ӛндірілетін гонадотропиндердің тҥзілуін тежейді. Осыдан
аналық бездің және әйелдердің екінші жыныстық белгілерінің
кері дамуы байқалады. Андрогендердің әсерінен әйелдерде
еркектердің
екінші
жыныстық
белгілері
дамиды
(маскулинизация): еркектерге тән сақал, мҧрт ӛсе бастайды
(вирилизм), әйелдердің етеккірі тоқтайды (аменорея).
Без ӛспелерін ӛндірілетін гормондардың аттарына - ома
деген жалғау қосып атайды. Мәселен, соматотропинома,
тиреотропинома, кортикотропинома, инсулинома т.с.с.
Кейде ӛспе бірнеше бездерде бірден ӛсуі мҥмкін.
Аденогипофизде, қалқаншасерік бездерде, ҧйқыбезде бір
мезгілде дамитын ӛспе кездеседі. Олардың біреуі немесе
барлығы гормон ӛндіруі ықтимал. Демек, бҧл аурудың
клиникалық кӛріністері ӛндірілген гормондардың тҥрлеріне
байланысты болады. Осындай ӛспе ӛсуінің мысалы ретінде
Золлингер-Еллисон синдромын келтіруге болады. Бҧл синдром
кезінде ҧлтабарда гастрин ӛндірілуі кӛбеюден, асқазанның
қышқылдығы кӛтеріліп, онда ойық жара жиі дамиды.
Кейбір жағдайларда басқа ағзаларда орналасқан ӛспе
эндокрңндік бездерге метастаза таратуы мҥмкін. Бҧл
метастазалар
без
тінін
ығыстырып,
оның
қызметін
әлсіретеді. Мәселен, емшектің обыр ӛспесі гипофиздің артқы
бӛлігіне метастаза таратып, қантсыз диабет дамуына
әкеледі. Ӛкпенің обыр ӛспесі бҥйрек ҥсті бездеріне,
асқазанның обыры ӛспесі анабездерге метастаза таратады.
Достарыңызбен бөлісу: