Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ятрогендік эндокринопатия



Pdf көрінісі
бет559/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

ятрогендік эндокринопатия 
деп атайды. 
Әдетте әртҥрлі ауыртпалықтар (операция, жарақаттану, 
аллергия, уыттар т.б.) организмге әсер етулерінен бҥйрек 
ҥсті бездері сыртқы қабатының қызметі кӛтеріледі де, 
кортикостероидтық гормондардың ӛндірілуі кҥшейеді. Осыдан 
организм сыртқы ортаның жаңа ӛзгерген жағдайларына тез 
бейімделе алады. Ал, кортикостероидтармен ҧзақ емделген 
науқас адамдардың, бҥйрек ҥсті бездері семіп қалғандықтан, 
қосымша 
ауыртпалықтарға 
(жарақат, 
операция 
т.б.) 
эндогендік кортикостероидтарды ӛндіріп шығара алмайды. 
Организмнің ӛзгерген жағдайға бейімделуі нашарлайды, 
бҥйрек ҥсті бездерінің тез дамитын жеткіліксіздігі дамып, 
науқас тез қайтыс болуы мҥмкін. 
Гипоталамус 
нейрондарының 
шеткері 
бездердің 
гормондарына сезімталдығы ӛзгеруі де да кері байланыс 
заңдылығы бҧзылуына әкеледі. Содан ол тӛмендегенде бҧл 
заңдылық іске қосылмайды да, қандағы гормон мӛлшерінің 
артуы гипоталамуста либериндердің ӛндірілуін азайтпайды. 


666
Мәселен, Иценко-Кушинг ауруы кезінде қандағы кортизолдың 
мӛлшері 
кӛбеюіне 
гипоталамустың 
нейрондары 
кортиколибериннің ӛндірілуін азайтумен жауап қайтармайды, 
керісінше, оны кӛбейтіп, кортикотропиннің ӛндірілуін 
арттырады. Осыдан қандағы шеткері без гормонымен қатар, 
гипофиздің тропты гормонының мӛлшерін анықтау ӛте маңызды. 
Сол арқылы дерттік ӛзгерістің орналасқан жерін айқындауға 
болады. Мәселен, гипотиреоз кезінде қанда қалқаншабез 
гормонының деңгейі азаюмен қатар гипофизде ӛндірілетін 
тиреотропиннің 
кӛбеюі 
қалқаншабездің 
бҧл 
гормонға 
сезімталдығы аздығын кӛрсетеді, ал тиреотропин деңгейі 
азайған болса, онда дерттің гипофизде немесе гипоталамуста 
орналасқанын әйгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет