663
Либериндерге:
кортиколиберин,
соматолиберин,
пролактолиберин,
тиреолиберин,
гонадолиберин,
меланоцитолиберин т.б. жатады.
Статиндерге:
соматостатин,
пролактостатин,
меланоцитостатин т.б. жатады.
Гипофизге әсер ететін гормондар гипоталамустың әр
жерлеріне орналасқан нейрондармен ӛндіріліп шығарылады.
Бҧл нейрондардың аксондары гипофиздің қақпалық қан
тамырлары
жҥйесі
басталатын
гипоталамустың
орталық
кӛтеріңкі жерінде аяқталады. Сондықтан да олар гипофизге
қан тамырлары арқылы тікелей тез жеткізіледі (-сурет).
Гипофизге
әсер
ететін
гормондардың
(дофаминнен
басқаларының) барлығы пептидтерге жатады. Бҧлардың әсер
ету жолдары аденилатциклаза-цАМФ жҥйесі арқылы қосылады.
Кӛрсетілген гормондар ӛндіріліп шығарылуының бҧзылыстары
гипоталамуста жоғарыда келтірілген дерттік ӛзгерістер
болғанда байқалады. Осыдан шеткері эндокриндік бездердің
қызметтерінің гипофиз арқылы реттелуінің бҧзылыстары
болады. Осылай қалқаншабездің, бҥйрек ҥсті бездері сыртқы
қабатының және жыныстық бездердің қызметтері ӛзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: