Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет554/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Уремия.
Уремия 
(грек. uron - зәр, несеп; haima - қан, сонда 
оны зәрліқан – деп аударуға болады.). Зат алмасуларының 
әртҥрлі 
бҧзылыстарымен, 
организмде 
кӛптеген 
уытты 
заттардың жиналып қалуымен және ішкі ағзалардың қҧрылымы 
мен 
қызметтерінің 
бҧзылыстарымен 
кӛрінетін, 
бҥйрек 
қызметінің ауыр жеткіліксіздігінен дамитын синдромды 
уремия дейді. 
Уремия бҥйрек 
қызметінің жіті 
жеткіліксіздігінің 
екінші 
және 
ҥшінші 
сатыларында, 
созылмалы 
жеткіліксіздігінің ақтық сатысында дамиды. Бҧл кезде 
бҥйректің барлық қызметтері бҧзылады. Уремияның даму 
жолдарында: 
● несеп сҥзілуінің, сонымен бірге азоттық заттардың, 
аммоний иондарының т.б. заттардың сыртқа шығарылуы 
бҧзылуының; 
● 
су 
мен 
тҧздардың 
организмдегі 
тепе-теңдігі 
бҧзылуының; 
● Д витамині алмасуы бҧзылуының; 
● 
кӛптеген 
гормондардың 
ыдыратылуы 
мен 
сыртқа 
шығарылуы бҧзылыстарының; 
● 
бҥйректе 
эритропоэтин, 
простагландиндердің, 
кининдердің, урокиназаның т.б. ӛндірілуі қатты азаюының 
маңызы зор. 
Бҥйректе несеп сҥзілуінің қатты азаюынан қанда 200-дан 
астам улы ӛнімдер жиналып қалады. Солардың ішінде 
зәрнәсілдің, креатининнің, зәр қышқылдарының, фенолдардың, 
полиаминдердің т.с.с. деңгейі 2-5 еседен астам кӛтеріледі. 
Бҧл азоттық заттар организмге кӛптеген улы әсер етеді: 
♣ мидың оттегіні пайдалануын азайтады; 
♣ 
организмде 
қышқылдық-сілтілік 
ҥйлесімділікті 
бҧзады, гиперазотемиялық ацидоз дамытады; 
♣ жасуша мембраналарының ӛткізгіштігін жоғарылатады; 


659
♣ су мен электролиттердің алмасуын бҧзады; калий 
иондарының қанда кӛбеюі жҥрек ырғағының бҧзылыстарына, 
оның кенеттен тоқтап қалуына әкелуі мҥмкін; 
♣ зәрнәсіл тромбоциттердің агрегациясын бҧзады, содан 
қанағыштыққа бейімділік байқалады; 
♣ 
организмнің 
жалпы 
әлсіздігін, 
кӛніл-кҥйдің 
тҧнжырауын, 
ішек-қарын 
әрекеттерінің 
бҧзылыстарын 
туындатады. 
Су организмде артық жиналып қалуынан олигоцитемиялық 
гиперволемия, артериялық гипертензия, ӛкпе мен мидың 
ісінулері дамиды. 
Сульфат, фосфат аниондары несеппен шығарылмағандықтан 
олар қанда жиналып қалады. Осыдан организмде метаболизмдік 
ацидоз одан сайын ҥдей тҥседі. Қанда жиналып қалған фосфат 
аниондары кальцийді байланыстырып, оның қандағы деңгейін 
тӛмендетеді, гипокальциемия дамытады. Бҧл сҥйектерден 
кальцийдің босап шығуын кҥшейтіп, оларды жҧмсартады, 
остеомаляция, остеопороз дамытады, сіңір тартылуларына, 
тырыс-палар дамуына әкеледі. 
Организмде жиналған улы ӛнімдер сыртқа ішек-қарын, 
тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары және тері арқылы 
шығарыла бастайды. Сонымен бірге, олар организм қуыстарына 
жиналып, 
тҥршіктіргіш 
және 
уландырғыш 
әсер 
етеді. 
Осылардың нәтижелерінде орталық жҥйке жҥйесінің, сыртқы 
тыныс алу ағзаларының, жҥрек пен қан тамырларының, қанның, 
ішек-қарын жолдарының, терінің ауыр бҧзылыстары пайда 
болады. 
Жҥйкелік-жандҥниелік 
бҧзылыстарға: 
бас 
ауыруы, 
полиневрит, 
тырыспа-селкілдек, 
ҧйқы 
қашу, 
тҧнжырау, 
қалжырау, кома дамуы жатады. 
Ішек-қарынның бҧзылыстары нәтижесінде жҥрек айну, 
қҧсу, 
тәбеттің 
жоғалуы, 
іш 
ӛту 
байқалады, 
гастроэнтероколит дамиды. 
Жҥрек-қан тамырлар жҥйесінің бҧзылуы айналымдағы қан 
кӛлемі ҧлғаюына, артериялық қан қысымы кӛтерілуіне, жҥрек 
қалтасының 
қабынуына, 
артынак 
жҥрек 
қызметтерінің 
әлсіреуіне әкеледі. 
Қан жҥйесінде ҥдемелі анемия, қан ҧюының бҧзылыстары 
байқалады, гипернатриемия, гиперкалиемия, гиперфосфатемия, 
гиперсульфатемия дамиды. 
Тыныс алу ағзаларында ӛкпенің ауыр қабынуы, ісінуі, 
жалқықты плеврит дамуы, дерттік ҥзілісгі Чейн-Стокс, 
Кусмаул тыныстары байқалады. 
Теріде 
қышыну, 
уремиялық 
ҧнтақтар 
жинақталуы, 
гиперпигментация кӛрінеді. 
Бҥйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде жиі 


660
артериялық гипертензия мен анемия байқалады. Артериялық 
гипертензия олигоцитемиялық гиперволемия дамуымен және 
шеткері қан тамырларына бҥйректің жиырғыш және босаңсытқыш 
ықпалдарының арақатынасы бҧзылыстарымен тҥсіндіріледі. 
(Артериялық гипертензияларды қараңыз). 
Анемияның дамуы бҥйректе эритропоэтиннің жеткіліксіз 
ӛндірілуімен, қан плазмасында оның бәсеңсіткішерінің, 
эритроциттердің гемолизін туындататын ықпалдар пайда 
болуымен тҥсіндіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет