Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


психогендік эндокринопатиялар



Pdf көрінісі
бет557/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

психогендік эндокринопатиялар 
деп атайды. 
Эндокриндік бездерді реттеудегі гипоталамустың маңызы 
ӛте ерекше. Оның шеткері эндокриндік бездерді реттеуінің 
бҧзылыстары кӛптеген себептерден болуы мҥмкін. Оларға 
жҧқпалар, қабыну, қан қҧйылу, қан тамырларының тромбозы
жарақаттану, ӛспе дамуы, жан кҥйзелістері т.б. жатады. 
Бездердің орталық реттелулерінің бҧзылыстары: 
● 
гипофиз 
арқылы 
(трансгипофиздік 
немесе 
нейрогуморалдық) реттелудің бҧзылыстарымен; 
● 
гипофизден 
тыс 
(парагипофиздік, 
жҥйкелік 
ӛткізгіштік) реттелудің бҧзылыстарымен; 
● бездердің кері байланыс негізінде ӛзі-ӛзі реттеудің 
бҧзылыстарымен байланысты дамиды. 
Гипофиз арқылы реттелудің бҧзылыстары. 
Гипоталамуста 
гипофизға әсер ететін пептидтік гормондар ӛндіріліп 
шығарылады. Олар гипофизде гормон ӛндірілуін арттыратын 
либериндер 
және 
оны 
тежейтін 
статиндер 
делінеді. 


663
Либериндерге: 
кортиколиберин, 
соматолиберин, 
пролактолиберин, 
тиреолиберин, 
гонадолиберин, 
меланоцитолиберин т.б. жатады. 
Статиндерге: 
соматостатин, 
пролактостатин, 
меланоцитостатин т.б. жатады. 
Гипофизге әсер ететін гормондар гипоталамустың әр 
жерлеріне орналасқан нейрондармен ӛндіріліп шығарылады. 
Бҧл нейрондардың аксондары гипофиздің қақпалық қан 
тамырлары 
жҥйесі 
басталатын 
гипоталамустың 
орталық 
кӛтеріңкі жерінде аяқталады. Сондықтан да олар гипофизге 
қан тамырлары арқылы тікелей тез жеткізіледі (-сурет). 
Гипофизге 
әсер 
ететін 
гормондардың 
(дофаминнен 
басқаларының) барлығы пептидтерге жатады. Бҧлардың әсер 
ету жолдары аденилатциклаза-цАМФ жҥйесі арқылы қосылады. 
Кӛрсетілген гормондар ӛндіріліп шығарылуының бҧзылыстары 
гипоталамуста жоғарыда келтірілген дерттік ӛзгерістер 
болғанда байқалады. Осыдан шеткері эндокриндік бездердің 
қызметтерінің гипофиз арқылы реттелуінің бҧзылыстары 
болады. Осылай қалқаншабездің, бҥйрек ҥсті бездері сыртқы 
қабатының және жыныстық бездердің қызметтері ӛзгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет