73
дамитын уыттану белгілерін әйгілендіреді. Жаңа туған
нәрестелер мен егде адамдарда бҧдан ми ісінуі дамуы
мҥмкін.
Кӛптеген дәрілердің микромомалық тотығуын гистаминнің
Н
2
– рецептор- ларының тежегіштері (циметидин т.б.)
бәсеңсітеді. Сондықтан хинидин мен циметидинді бірге
қабылдағанда организмнің тіндері мен қанында хинидиннің
мӛлшері
40%-ға
кӛбейеді.
Циметидин
теофиллиннің
организмде ыдыратылуы мен одан сыртқа шығарылуын 2,5 есе
баяулатады.
Гентамицин бҥйрек арқылы сыртқа шығарылу кезінде
фуросемидпен
ӛзара
әрекеттесіп,
қан
сҧйығында
фуросемидтің деңгейін бірнеше есе арттырады. Содан оның
әсерінен саңыраулық және, жҥрек ырғағының бҧзылыстарына
әкелетін, ауыр гипокалиемия дамиды.
Салицилаттар мен сульфаниламидтер несептің қышқылдығын
арттырып, метотрексаттың несеппен шығарылуын азайтады.
Содан ол организмде ҧзақ сақталып, бауырдың беріштенуі,
панцитопения, анорексия, іш ӛтулер дамуына әкеледі.
Дәрілердің
уытты
әсерлері
организмнің
даралық
реактивтілігінің ерекшеліктеріне байланысты дамуы да
ықтимал. Олардың дамуында, жоғарыда келтірілген бауыр мен
бҥйрек қызметтерінің жеткіліксіздігінен басқа, адамның
тҧқым қуалаушылығына қарай дәрілердің фармакологиялық
ӛзгеру ерекшеліктері де маңызды орын алады. Содан олардың
организмде
ыдыратылу
жылдамдығы
әртҥрлі
болады.
Адамдардың арасында дәрілерді «шапшаң тотықтыратын» және
«шабан тотықтыратын» топтар кездеседі. Ақ нәсілді
адамдардың 5-9%-да дәрінің ферменттік тотығуы ӛте баяу
ӛтеді. Сол себепті дәрі организмге қауіп тӛндіретін
мӛлшерлерде жиналып қалуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: