Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет60/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

гаптендер
дейді. 
Дәрілік аллергия дамуына қолайлы ықпалдар: 
● организмнің тҧқым қуалаушылыққа бейімділігі; 
● ӛзін-ӛзі емдеуге дәрілерді қалай болса солай 
бақылаусыз қабылдау; 
● дәрілерді науқастың ҧзақ мерзім, әсіресе бірнеше 
мәрте қайталап, қабылдауы; 
● сау адамдардың кәсіби міндеттеріне байланысты 
дәрілермен жанасуы; 
● 
науқас 
адамдарға 
кӛптеген 
дәрілерді 
орынсыз 
тағайындау; 
● антигені бойынша ҧқсас дәрілерді тағайындау; 
● 
организмнің 
антигенге 
сезімталдығын 
кӛтеретін 
дәрінің белсенділігі, оның физикалық-химиялық қҧрамы; 
● 
организнің 
реактивтілігін 
дәрігердің 
дҧрыс 
бағаламауы, бауыр мен бҥйрек ауруларына назар аудармауы; 
● дәрілерді пайдаланар алдында теріде аңғарымдық 
сынамалар ӛткізу; 
● тҧрғындардың арасында кеңінен екпелер жасау және 
емдік сарысуларды қолдану. 
Организмнің реактивтілігі аллергияның пайда болуында, 
оның ӛтуі мен салдарларында ӛте маңызды орын алады. 
Тҧқым 
қуалаушылыққа 
бейімділік, 
майда 
саңырауқҧлақтармен 
терінің 
бҥліністері, 
созылмалы 
жҧқпалардың ошақтары болуы, қосанжарласқан аллергиялық 
аурулар 
(поллиноз, 
кеңірдекшелік 
демікпе, 
тағамдық 
аллергиялар) дәрілік аллергия дамуына қолайлы ықпал 
етеді. Олардың дамуында кейбір антигендерге организмнің 
иммундық 
жҥйесінің 
жауап 
қайтаруға 
деген 
тектік 


75
ерекшеліктері маңызды болады. Әрбір антигенге иммундық 
жауап 
қайтару 
адамның 
тегіне 
байланысты. 
Тін 
ҥйлесімділігінің ҥлкен кешенінің (МНС, ағылш. Major 
histocompatibility 
complex) 
антигендері 
тҥзілуін 
қадағалайтын Ir- геннің (ағылш. Immune response – 
иммундық жауап), сонымен бірге комплементтің кейбір 
қҧрамбӛлшектерінің қҧрылуын қадағалайтын гендердің қызмет 
атқаруларынан организм реактивтілігі тікелей байланысты 
болады. Иммундық жҥйе тізбектерінің жҧмыстарындағы тҧқым 
қуатын немесе жҥре пайда болған кемістіктер аллергия 
дамуына әкеледі. Мәселен, Т-супрессор жасушаларының тӛмен 
белсенділігі 
Ig 

артық 
тҥзілуіне 
және 
әртҥрлі 
аллергендерге, 
соның 
ішінде 
дәрілерге, 
организмнің 
сезімталдығын кӛтереді. Сӛлденістік (секрециялық) Ig A 
тапшылығы 
тыныс 
алу 
және 
асқорыту 
жолдарының 
аллергендерге 
ӛткізгіштігін 
арттырады. 
Осыдан 
ол 
аллергендерге организмнің сезімталдығы кӛтеріледі. 
Тҧқым қуалаушылыққа бейімділік дәрілік аллергияның кӛп 
жақты тҥрлерін қалыптастырады. Содан бір адамда химиялық 
қҧрылымы, 
фармакологиялық 
әсері 
әртҥрлі 
кӛптеген 
дәрілерге аллергия дамиды және ол тағамдық заттарға, 
ӛсімдік тозаңдарына немесе т.б. аллергендерге аллергия 
дамуымен қабаттасады. 
Организмде созылмалы жҧқпа ошақтары болғанда дәрілік 
аллергия жиі дамиды. Ӛйткені бҧл кездерде: 
● ҧзақ мерзім кӛптеген дәрілермен емдеу қажеттігі 
болады; 
● бҥлінген шырышты қабықтар арқылы аллергендердің 
(дәрілердің) кӛптеп организмге енуі болады; 
● иммундық жҥйенің белсенділігі жоғары болады; 
● 
организмнің 
табиғи 
қорғаныстық 
жҥйелерінің 
(пропердиннің, комплементтің, лизоцимнің т.б.) деңгейі аз 
болады. Осыдан дәрілердің иммундық қабілетті жасушаларға 
ӛтіп кету мҥмкіншілігі артады; 
● жҧқпалар дәрілердің артығын ыдырататын және олардың 
сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін ағзаларға теріс ықпал 
етеді;. 
● жҧқпалар Ig E артық тҥзілуіне, биологиялық белсенді 
заттардың тез босап шығуына және комплемент жҥйесінің 
әсерленуіне қолайлы ықпал етеді. 
Осы себептерден ӛкпе туберкулезімен ауыратын адамдарда 
дәрілік аллергияның дамуы 8 есе жиі кездеседі. Бҧндай 
жағдай ауру туындатқан себепкер ықпалдың арнайылығына 
және емдеу ҥшін кӛп дәрілер қолданылуына байланысты 
байқалады. 
Тыныстық 
вирустық 
жҧқпалар 
тыныс 
алу 


76
жолдарының 
аллергенге 
ӛткізгіштігін 
кӛтереді, 
кеңірдекшелердің тегіс салалы еттерінің биологиялық 
белсенді заттарға сезімталдығын арттырады. 
Дәрілік аллергия дамуының жиілігі адамның жасына, 
жынысына, организмде нәруыздар тҥзілу және антидене 
ӛндірілу қарқынына байланысты. Ол 10-40 жас аралығындағы 
жастарда жиі кездеседі. Егде тертқан адамдарда ол 
салыстырмалы тҥрде біршама сирейді. 
Қазіргі 
адамдардың 
кӛптеген 
химиялық 
заттармен 
(аллергендермен) жанасуы дерттік арнайы реактивтілік 
қалыптастырады.
Дәрілік аллергиялардың ауырлық дәрежесі мен даму 
жылдамдығы организмге дәрінің енгізілу жолына байланысты 
болады. 
Олар 
дәріні 
ішек-қарын 
жолдарынан 
тыс 
(кӛктамырға, бҧлшықет ішіне, тері астына және деммен) 
егізгенде жиі дамиды. Дәріні ішу арқылы қабылдағанда 
аллергия біршама жеңілірек ӛтеді.
Жаңа туған нәрестелерде биологиялық тосқауылдардың 
антигенге ӛткізгіштігі жоғары болғандықтан дәрілерді 
теріге 
жағу, 
қосымша 
тағамдарға 
қоспалар 
ретінде 
қолданылу организмнің оларға сезімталдығын кӛтеріп, 
артынан сол дәрілерге аллергия дамуына әкелуі мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет