Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Дербес жҥйке жҥйесінің бҧзылыстары



Pdf көрінісі
бет589/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Дербес жҥйке жҥйесінің бҧзылыстары
Дербес жҥйке жҥйесі симпатикалық және парасимпатикалық 
бӛліктерден тҧрады. Симпатикалық жҥйкелер омыртқалардың 
бойында орналасқан тораптардан басталады. Бҧл торап 
жасушаларына 
жҧлынның 
кеуде 
және 
бел 
бӛліктерінің 
нейрондарынан 
талшықтар 
келеді. 
Парасимпатикалық 
жҥйкелердің орталығы ми бағанасында және жҧлынның сегізкӛз 
бӛлігінде 
орналасқан. 
Симпатикалық 
тораптардан 
және 
парасимпатикалық жҥйкелердің орталықтарынан аксондар ішкі 
ағзаларға келеді және олардың жанындағы, іштеріндегі 
тораптармен синапстық байланыстар қҧрады. Ішкі ағзалар 
қарама-қарсы 
әсер 
ететін 
әрі 
симпатикалық, 
әрі 
парасимпатикалық жҥйкелермен жҥйкеленеді. 
Дербес 
жҥйкелік 
рефлекстердің 
доғалары 
жҧлында, 
сопақша және ортаңғы мида тҥйіседі. Сондықтан орталық 
жҥйке 
жҥйесінің 
осы 
бӛліктерінің 
бҧзылыстары 
ішкі 
ағзалардың қызметтерінің бҧзылыстарына әкеледі. Мәселен, 
жҧлыны 
ҥзілген 
жануарларда, 
қимылдық 
әрекеттердің 
бҧзылыстарынан басқа, артериялық қан қысымының қатты 
тӛмендеуі, жылу реттелістерінің, тер шығарылуының, ҥлкен 


702
және кіші дәрет шығарылуларының бҧзылыстары байқалады. 
Сопақша мида бҧзылыстар болғанда кӛзден жас шығуы, 
сілекейдің және ҧйқыбез бен асқазан сӛлдерінің шығарылуы 
бҧзылады. Сонымен бірге, тыныс алу және қан тамырларының 
қимылдық орталықтарының қызметтері ӛзгереді. 
Дербес 
жҥйке 
жҥйесінің 
әрекеттері 
мидағы 
торлы 
қҧрылымның, гипоталамустың, таламустың және мидың сыртқы 
қыртысының қызметтерімен тығыз байланысты. Олар дербес 
жҥйке жҥйесінің жеке бӛліктерінің ӛзара қатынастарын және 
дербес жҥйкелік, денелік (соматикалық), ішке сӛлденісті 
жҥйелердің 
ӛзара 
байланыстарын 
меңгеріп, 
біріктіріп 
тҧрады. Сол себептен бҧл қҧрылымдардың ӛзгерістері ішкі 
ағзалардың қызметтерінің ӛзгерістеріне әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет