699
Сонымен бірге, кейбір жағдайларда дерттік трофогендер
ӛндірілуі мҥмкін. Олар патотрофогендер деп аталынады.
Патотрофогендер
нысана-жасушаларда
тҧрақты
дерттік
ӛзгерістерді туындататын заттар. Мҧндай заттар эпилеп-
сияланған нейрондарда ӛндіріледі. Олар аксоплазмалық
ағыммен басқа нейрондарға тҥсіп, соңғыларында тҧрақты
эпилепсиялық қасиет туындатады.
Нейродистрофиялық ҥрдіс ағзалар мен тіндерде қан
тамырларының ӛзгерістерінен де дамиды. Осыдан жасушаларға
оттегі мен қоректік заттардың тасымалдануы бҧзылады.
Дистрофияға ҧшыраған тіндерде гендік қҧралдардың
ӛзгеруінен ӛзгерген нәруыздар немесе жаңа аутоантигендер
тҥзіледі.
Бҧларға
қарсы
аутоантиденелер
ӛндіріледі,
аутоиммундық
ҥрдіс
дамиды.
Жасушалардың
ыдырауы
нәтижесінде протеолиздік ферменттер босайды, олардың
әсерінен тіндердің бҥлінуі кҥшейеді. Бҥлінген тіндерде
жҧқпалар пайда болып, қабыну дамиды. Дистрофиялық ҥрдіс
жергілікті болып қана қоймай, бҥкіл организмге тарауы
мҥмкін. Ол жоғары дербес жҥйке жҥйесі орталықтарының
эмоциялық ауыртпалықтардан, жарақаттану, ӛспе т.с.с.
дерттік бҥліністерінен жиі дамиды. Содан ас қорыту
ағзаларында, ӛкпеде, жҥректе, бауырда т.б. ішкі ағзаларда
нәрленудің бҧзылыстары (дистрофиялар) байқалады.
Қорыта
келгенде,
трофикалық
жҥйкелер
арқылы
трофогендер, патотрофогендер, уыттар, вирустар тарайды.
Жҥйкелік, эндокриндік және иммундық жҥйелер ӛзара тығыз
нәрленістік байланыстарда болады. Шеткері тіндер жҥйесінің
нәрлендіру бақылауында болып, ӛздері де оларға нәрленістік
әсер етеді. Сонымен, организмнің біріккен трофикалық
жҥйесі қҧрылады. Трофикалық ӛзгерістерді қалпына келтіру
патогенездік терапияның маңызды бӛлшегі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: