707
ӛтуін қадағалайтын заңдылықты ҧғады. Бҧл заттың нейрондары
жуан және жіңішке жҥйке талшықтарымен ӛтетін серпіндердің
ӛтуін қадағалайды. Бҧл жҥйке талшықтары жҧлынның артқы
мҥйіздерінің
нейрондарымен
және
желатиналық
заттың
нейрондарымен синапстық байланыстар қҧрады. Бҥл кезде жуан
жҥйке талшықтарымен тҥсетін серпіндер, желатиналық заттың
нейрондарын қоздырады, ал жіңішке жҥйке талшықтарымен
тҥсетін серпіндер оларды, керісінше, тежейді. Жорамал
бойынша жҧлынның артқы мҥйізінің нейрондарына серпіндердің
тым жиі тҥсуі ауыру сезімін туындатады. Ал, желатиналық
заттың нейрондары жҧлынның артқы мҥйіз нейрондарына
серпіндердің тҥсу жолдарын ашып-жауып тҧратын қақпа
міндетін атқарады. Жуан жҥйке талшықтарымең тҥсетін
серпіндер
желатиналық
заттың
нейрондарын
қоздырып,
жҧлынның артқы мҥйіз нейрондарына олардың тҥсуін тежейді.
«Қақпа» жабық жағдайда болады. Осыдан ауыру сезімі азаяды.
Жіңішке жҥйке талшықтары қозғанда желатиналық заттың
нейрондары тежеледі, ноцицепциялық серпіндер жҧлынның
артқы мҥйіз нейрондарына оңай ӛтіп кетеді де, ауыру сезімі
пайда болады немесе кҥшейеді. «Қақпа» ашық болады.
Сонымен
ноцицепциялық
тітіркендіргіштерге
жҧлын
бірінші болып жауап қайтарады. Ары қарай оларға мидың
торлы
қҧрылымы,
мезоэнцефалиялық
аймақ,
таламус,
лимбикалық жҥйе, мидың сыртқы қыртысы жауап қайтарады.
Ауыру сезімінің пайда болу қарқынында жоғары жҥйке
әрекеттері тҥрлерінің, адамның кӛңіл-кҥйі жағдайларының
маңызы ҥлкен. Адам ӛзінің ынта-жігерін, назарын басқа
жағдайларға аудару арқылы ауыру сезімін азайта алады.
Достарыңызбен бөлісу: