жоғарғы жағымызда бір топ қыз-келіншектер су бетінде асыр салып жүр еді
(Ə.Нұршайықов).
Орын тəртібі амалын шылаумен келген тіркесімдерден табу ескерілмей
жүр. Мəселен, септеулік шылаумен келген түйдекті тіркес мəселесі шешілді.
Демек, олар алдыңғы сөзімен бір бірлікке жымдасып, ендігі жерде
байланыстыру қызметі басқа амалға көшеді. Ол амал, əдетте, орын тəртібі
болып келеді.
Шылау амалы. Əдетте, шылаудың екі түрі жеке сөзтұлғаларды
байланыстырады. Мұндайда, бір жағынан, тең дəрежедегі тілдік бірліктер,
екінші жағынан, бір-біріне бағынышты тілдік бірліктер аралығындағы
қызмет
ескеріледі.
Алғашқы
жағдайда
жалғаулық
шылаулар
байланыстырады: Отан соғысы үшінші жылға аяқ басып, Курск пен Орел
майданында үлкен шайқастың жүріп жатқан кезі еді. Мұным анама ұнайтын,
өйткені ол мені пысық болсын, тіршіліктің ыстық-суығына көнсін деп
ойлайтын (Ш.Айтматов). Мысалда сөйлем ішіндегі сөздер (Курск, Орел) мен
жеке сөйлемдерді байланыстыруға жалғаулық шылаулар қатысқан.
Екінші жағдайда септеуліктердің қызметі алдыңғы орынға шығады.
Біздіңше, септеуліктердің өзі екі түрлі қызметте жұмсалады. Бірінші қызмет
– қосымшалық қызмет. Бұл қызметтегі шылаулар өзінің алдында тұрған
сыңардың септік жалғауларының бірінде тұруын қалайды. Əсіресе, барыс,
шығыс, көмектес септіктері осы қызметке бейім. Демек, түйдекті тіркес
жасаудың амалы ретінде жұмсалады: Ол екеуі де ертеден қара кешке дейін
колхоз жұмысында (Ш.Айтматов).
Синтетикалық
тəсіл
сөздердің
бір-бірімен
қосымшалар
арқылы
байланысуына негізделеді. Синтаксистегі көрінісі жалғаулардың қызметімен
шешіледі. Ал тілдегі төрт түрлі жалғау жеке сөздің тұлғаларды
байланыстыруға өз мүмкіндігінше қатысады. Жалғаулы болып келген
сөздердің сөйлем ішіндегі орын тəртібі біршама еркін, өйткені оларға
қатысты сөздер сол жалғаудың қызметінен табылып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: