«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет46/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар туралы бастапқы мәліметтер, Лекция 5, -9786012475470 convert compress (1), 7-тақырып. Бизнес-мадениетті қалыптастыру.
 

 
Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. 364-бет. 
29
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. 

 
Алматы: Санат, 1993. 390-бет. 
30
Аблақов Ə., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. 

 
Алматы: 
Санат, 1997.


нысаны ретінде таныла алады. Мұндайда жоғарыда берілген синтаксистік 
тұлғалардың барлығы да (сөз, күрделі сөз, түйдекті тіркес, тұрақты тіркес, 
салаласқан тіркес) салаласа жұмсалуға бейім. 
ƏДЕБИЕТТЕР: 
1) Серғалиев М. Синтаксис мəселелері. – Астана: Л.Н.Гумилев Атындағы 
ЕҰУ, 2006. – 346-353 бб. 
2) Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 581-589 бб. 
3) Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. – 
363 б. 
4) Əмір Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: 1998. – 4-13; 166-
172 бб. 
5) Аблақов Ə., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен 
лексикалану процесі. – Алматы: Санат, 1997. – 3-26 бб. 
6) Исаев С. Қазақ тілі жайлы ойлар. – Алматы: Атамұра, 1997. – 36-40 бб. 
7) Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: 
Санат, 1994. – 65-67 бб. 
8) Сайрамбаев Т. Қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. – Алматы: Мектеп, 
1981. – 28-38 бб. 
№ 15- дəріс.
Тақырыбы: СИНТАКСИСТІК АМАЛ-ТƏСІЛДЕР 
Синтаксистік құрал жəне оның ішкі бірліктерін (тəсіл түрлері) анықтап 
алғаннан кейін, олардың өзіндік қызметтерін жақын таратуға болады. 
Аналитикалық тəсіл – қазақ тіл білімінде кең тараған. Синтаксистегі 
көрінісі – интонация, орын тəртібі, шылау. 
Интонация амалының синтаксистік тұлғаларды байланыстырып
отырудағы қызметі əлдеқайда кең. Интонациялық қызмет синтаксистік 
компоненттер арасын, яғни құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстыруы 
айқын ашылған. Сондай-ақ, тең дəрежеде тұрған синтаксистік бірліктер бұл 
байланыс құралына жиі жүгінеді. Ал жеке сөзтұлғаларын, нақты айтқанда сөз 
тіркесі сыңарларын байланыстыруын, көрсету жетіспейді. Мұндайда ол 
сөйлем ішіндегі екі негізгі сөздік тұлға қасиетіне сүйенеді. Ол негізгі сөздік 
тұлғалар – сөйлемнің іс-əрекетін білдіретін сөз (бастауыш) бен сол іс-
əрекеттің иесі болып табылатын сөз (бастауыш). Жəне олардың, мағыналық 
қиысуды есептемегенде, ІІІ жақтағы есім сөздердің арасында болатындығын 
ескерген жөн.
Орын тəртібі амалы да барынша белсенді қызмет атқарады. Орын 
тəртібінің 
қазақ 
тілінде 
жалғаусыз 
келетін 
сөзтұлғалар 
арасында 
болатындығы орныққан. Ал жалғаусыз, орын тəртібі амалына бағына 
байланысқан сөздер тобының орналасу реті тұрақты. Олардың орнын 
ауыстырып айтуға келмейді. Ауыстыра қалған жағдайда, сөзаралық 
синтаксистік қатынас өзгереді, болмаса мүлдем мағынасыздық туады: Біздің 


жоғарғы жағымызда бір топ қыз-келіншектер су бетінде асыр салып жүр еді 
(Ə.Нұршайықов). 
Орын тəртібі амалын шылаумен келген тіркесімдерден табу ескерілмей 
жүр. Мəселен, септеулік шылаумен келген түйдекті тіркес мəселесі шешілді. 
Демек, олар алдыңғы сөзімен бір бірлікке жымдасып, ендігі жерде 
байланыстыру қызметі басқа амалға көшеді. Ол амал, əдетте, орын тəртібі 
болып келеді.
Шылау амалы. Əдетте, шылаудың екі түрі жеке сөзтұлғаларды 
байланыстырады. Мұндайда, бір жағынан, тең дəрежедегі тілдік бірліктер, 
екінші жағынан, бір-біріне бағынышты тілдік бірліктер аралығындағы 
қызмет 
ескеріледі. 
Алғашқы 
жағдайда 
жалғаулық 
шылаулар 
байланыстырады: Отан соғысы үшінші жылға аяқ басып, Курск пен Орел 
майданында үлкен шайқастың жүріп жатқан кезі еді. Мұным анама ұнайтын, 
өйткені ол мені пысық болсын, тіршіліктің ыстық-суығына көнсін деп 
ойлайтын (Ш.Айтматов). Мысалда сөйлем ішіндегі сөздер (Курск, Орел) мен 
жеке сөйлемдерді байланыстыруға жалғаулық шылаулар қатысқан. 
Екінші жағдайда септеуліктердің қызметі алдыңғы орынға шығады. 
Біздіңше, септеуліктердің өзі екі түрлі қызметте жұмсалады. Бірінші қызмет 
– қосымшалық қызмет. Бұл қызметтегі шылаулар өзінің алдында тұрған 
сыңардың септік жалғауларының бірінде тұруын қалайды. Əсіресе, барыс, 
шығыс, көмектес септіктері осы қызметке бейім. Демек, түйдекті тіркес 
жасаудың амалы ретінде жұмсалады: Ол екеуі де ертеден қара кешке дейін 
колхоз жұмысында (Ш.Айтматов). 
Синтетикалық 
тəсіл 
сөздердің 
бір-бірімен 
қосымшалар 
арқылы 
байланысуына негізделеді. Синтаксистегі көрінісі жалғаулардың қызметімен 
шешіледі. Ал тілдегі төрт түрлі жалғау жеке сөздің тұлғаларды 
байланыстыруға өз мүмкіндігінше қатысады. Жалғаулы болып келген 
сөздердің сөйлем ішіндегі орын тəртібі біршама еркін, өйткені оларға 
қатысты сөздер сол жалғаудың қызметінен табылып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет