алмайды. Мұндай қасиетті күрделі сөз тұтасқан күйінде атқарады;
үшіншіден, күрделі сөздің əрбір сыңары сөйлемде басқа сөзбен өздігінен
қатынасқа түсе алмайды
25
. Жалпы күрделі сөз бен сөз тіркесінің жеті түрлі
нақты ажырату белгілерін ғалым Т.Сайрамбаев орынды танытқан
26
.
Сонымен, күрделі сөз түрлері ретінде біріккен/кіріккен сөздер, қос сөздер,
қысқарған жəне тіркескен сөздер саналады.
Сөздердің бірігуі – əбден
орныққан сөзжасамдық тəсіл. Қазіргі күні тіпті сөз бірігуінен болған
бірліктерді дара сөз ретінде қабылдайтын кезіміз де болады. Түптің түбінде
осыған барамыз да. Дегенмен бірігу – сөздердің басын біріктіріп, бір
лексикалық мағынаға байлайтын басты амал. Мəселен, қазіргі ақ қайың, боз
торғай сөздерін жеке-жеке сөз тобы деп айтуға келмейді. Сол сияқты
сөздердің кірігуі бірігудің түп-төркіні десек те болады. Себебі оның
бастапқы амалы осы болатын. Жеке дыбыстардың түсіп қалуы немесе
жұтылуы күрделі сыңардың дыбыстық құрамының азаюына əкеледі.
Мəселен, қарлығаш немесе білезік сөздерінің қара ала құс жəне білектің
жүзігі екенін осы саланың маманы сөз төркініне көз жіберіп қана
ажыратады. Төмендегі сөйлем ішіндегі ерекше белгіленген сөзтұлғалар
бірігу/кірігудің нəтижесінен сұрыпталған. Сөздердің бірігуі (Мейірхан,
Ақтай) түбір тұлғалардың сақталуынан пайда болады да, кірігу (Жұма+құл)
түбірдің бірінің дыбыстық өзгеруінен туындайды: Осы халдің бəрін көз
алдынан өткізген Мейірхан, Жұмағұл, Ақтай үшеуі де шыдай алмай бірге
жыласты (М.Əуезов).
Атаулық тіркестер жөнінде К.Аханов, Т.Сайрамбаев, М.Балақаев,
С.Исаев, Ə.Аблақов сынды ғалымдар өзіндік пікір білдіре алды. Өзімен
сырттай ұқсас тұлғалардан ажырата қарауда атаулық тіркес пен сөз тіркесі
мəселесі көңіл аудартады. Оның қиындығы сол, атаулық тіркестердің
тұрақталып, лексикалық бірліктер қатарына жетуі біркелкі емес. Олардың
бірқатары осындай дəрежеге жетсе, енді бірқатары синтаксистік тіркестер
қызметінен əлі де болса айрыла қойған жоқ. Атаулық тіркестер, негізінен,
орыс тіліндегі терминдік лексикадан қазақ тіліне аударма түрінде пайда
болды: договор – келісім шарт; пенсия – зейнет ақы. Бұл тіркес қазір бірігу
амалына бағынып кетті. Екіншіден, орыс тіліндегі тіркестердің əсерінен
қазақ тілінде жаңа тіркестер пайда болды: ашық хат – открытое письмо; күн
тəртібі – повестка дня. Тілдің ішкі даму заңдылықтарына орай қалыптасқан
атау мəнді тіркестер саны да баршылық: қазақ əдебиеті; жатыс септігі;
батырлар жыры. Осы тəріздес сөз орамдарының синтаксистік тіркестерден де
айырым жолдары бар. Сондықтан бұлар атаулық тіркестер деп аталады
27
.
Номинативті немесе атаулық тіркестер қызметінде жұмсалатындардың өзі
фразалық жəне фразалық емес деп іштей бөлініп, фразалыққа терминдік
тұрақты атаулар (қант қызылшасы, қызыл бұрыш), ал фразалық емес
қатарына газет-журнал, кітап, шығарма атаулары жатқызылып жүр.
25
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: