45
4 Географиялық карта туралы жалпы түсініктер
Географиялық карта туралы түсінік картографияда ең бастыларының
бірі және ғылым пәні туралы кӛрініске жатады. Алдында айтылып
кеткендей, Н.Н. Баранский картаның мағынасы мен ролін анықтады, ол
аймақтағы географиялық зерттеулермен байланысты ғана емес, сонымен
қатар, ғылыми кабинетте қомақты қызметтерді атқаратындығын атап ӛтті,
карта жоғары дәрежеде географиялық заңдылықтарды табуға әсерін
тигізеді. Оның айтуы бойынша географиялық ойлау бұл аймаққа қатысты,
картаға ӛз пікірлерін кӛрсете білетін ойлау; кешенді ойлау, бір-бірімен
байланысты, бір ғана элемент шегінде немесе салада ғана тұйықталмайды.
Мемлекеттің аппараттық басқарумен, діндік идеологиямен пайда
болуы абстрактылы картографияға әкелді, ол әлем құрылысы туралы
ежелгі философтардың бейнелеуін кӛрсетті. Ежелде екі карта бар екендігін
олар білді. Біреуінде жалпы әлем құрылысы туралы (қазір біз оны карта –
концепция деп атаймыз); екіншісінде нақты қоршаған аймақ кӛрінісі
бейнеленген. Әлемді меңгере отырып, адамдар географиялық кӛрініссіз
тұра алмады. «Бір сурет мың сӛзден тұрады», - деп кезінде ежелгі
қытайлықтар
айтқан.
Ежелгі
гректер
абстрактылы-геометриялық
бейнелеуден кетіп және жазықтықтағы меридиандар мен параллельдер
жүйесімен Жер кӛрінісіне ӛтті, ол Күн және Жұлдыздар бойынша жер
бетінде нүктелер координаталарын анықтауға мүмкіндік берді. Мұндай
принцип біздің уақытқа дейін жетті және қазір картографиялық кӛріністі
құру үшін қолданылады. Ғылым, мәдениет, қоғам дамуымен қатар
карталарда жетілдіріліп жатыр. Олар цивилизацияның жалпы тарихи
ескерткіштері екендігі сӛзсіз. «Карта» термині Жаңа кезеңде пайда болды,
ол ежелгі грек «хартес» - парақ немесе папирус деген сӛзден шыққан.
Орыс жерінде картаны сызбалар деп атаған, петр уақытынан бастап
«карта» деген сӛз енгізілді. Орыс карталары кейбір сол уақыттағы және
мемлекеттік ескерткіші болып саналған батыс-европалық карталардан
ерекшелігі фантазия мен мистика элементтерінен бос болды.
Достарыңызбен бөлісу: