73
- поликонустық, мұнда параллельдер – орта түзу сызықты меридианда
центрі бар шеңбердің эксцентрлік доғасы, қалған меридиандар – күрделі
қисықтар, орта меридианға қатысты симметриялы;
- псевдоцилиндрлік, мұнда параллельдер – бір-біріне параллель түзу
сызықтар, меридиандар – күрделі қисықтар, орта тіксызықты меридианға
қатысты симметриялы;
- псевдоконустық, мұнда параллельдер – концентрлік шеңбер доғасы,
меридиандар – қисықтар, орта тіксызықты меридианға қатысты
симметриялы;
- шартты, осы жіктелулердің біреуіне жатпайды және әртүрлі түрдегі
параллельдер мен меридиандары бар.
Глобус остерінің ӛзара бағдарлануы мен қосымша фигураға
байланысты қалыпты, кӛлденең және қисық проекция болып бӛлінеді.
Қалыпты (түзу) проекция
глобус осі мен қосымша геометриялық
фигураның ұқсастығымен сипатталады.
Көлденең проекция
глобустың ӛзара перпендикулярлы орналасуы мен
қосымша геометриялық фигурасымен сипатталады.
Қисық
проекцияларда глобус осі мен қосымша фигура осі бұрышпен
орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: