95
Арнайы жүктеме құбылыстар кӛріністерін әртүрлі әдістер кӛмегімен
кӛрсетеді.
Барлық арнайы карталар математикалық негізде (проекция, масштаб,
координата жүйелер) құрылады, бірақ әдетте картографиялық тор карта
ӛрісінен түсіріледі.
Арнайы карталардың жіктелуі:
- тақырыбы бойынша: физика-географиялық; әлеуметтік-географиялық;
техникалық (инженерлік, жер құру, теңіздік, навигациондық);
- сипаттаманың толықтылық белгілері бойынша: жалпы (құбылыс
толығымен кӛрсетілген, мысалы, геологиялық карта); жеке (құбылыстың
бір жағы ғана кӛрсетілген, мысалы, тӛрттік шӛгінділер);
- кӛрсеткіштер мен сипаттамаларды жалпылау дәрежесі бойынша:
аналитикалық (карта нақты кӛрсеткіштер бойынша құрылады, мысалы,
шӛгінділер карталары, қарлы жабынды биіктігі); синтетикалық (құбылыс
жалпылама кӛрсеткіштер бойынша сипатталады, мысалы, климаттық
картада); кешендік (картада, анықталған байланыстағы бірнеше
құбылыстар кӛрсетілген, мысалы, ландшафты және экономикалық) (6.18 -
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: