Сборник задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa


  Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы



Pdf көрінісі
бет21/115
Дата18.10.2022
өлшемі3,47 Mb.
#153746
түріСборник задач
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   115
Байланысты:
Тимс,Пизаға дайындық

2.2 
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы
 
1-
тапсырма. 
Жануарлар. 
 
Жануарлар (латынша 
animalia) – 
тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі 
топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер), жүруге және сезінуге бейім, органикалық 
дайын қосылыстармен қоректенетін тіршілік иесі. Жануарлар құрылысына 
қарай бір жасушалы және көп жасушалы болып екі топқа бөлінеді. Олардың 
дамуы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. 
Эволюциялық өзгерістер жануарлардың сыртқы ортаның өзгерісіне 
бейімделуіне байланысты болады. 
1-
сұрақ

Неліктен құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып 
саналады?
2-
сұрақ

Балықтар су жануарлары, неліктен олар құрлықта тіршілік 
етпейді? 
3-
сұрақ
. Неліктен жануарларды үй жануарлары және жабайы (дала) 
аңдары деп екі топқа бөледі? 
 
2-
тапсырма. 
Жануарлар
.
Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс 
органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде 
жануарлардың 1,6 миллиондай түрі және 17 типі бар.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор, олардың 
көпшілігі пайдалы болып табылады.
1-
сұрақ

Жануарлардың адам өміріндегі маңызы қандай?
А. Азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын береді. 
В. Жануарлардың адам өміріне келтіретін ешқандай пайдасы жоқ. 
С. Ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдатады.
D. 
Басқа жануарларға азық қоры. 
3-
тапсырма. 
Жер сілкіну
.
Деректі фильмде жер сілкіну және олардың қалай болатыны туралы 
айтылған. Сонымен қатар фильмде жел сілкінуді алдын ала болжауға 
болатындығы туралы пікірталас жүргізілді. Геология саласының маманы: 
«Алдағы 20 жылды Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы үш жағдайдың 
екеуін құрайды» деген пікір айтты. 
1-
сұрақ

Келесі пайымдаулардың қайсысы геологтың пікірін дұрыс 
сипаттайды? 
А. Үстіміздегі жылды есептегенде 12 жыл өткеннен кейін немесе 13-ші 
жылы Х қаласында жел сілкіну болады. 
В. 23 саны 12 санына қарағанда үлкен, сондықтан алдағы 20 жыл ішінде Х 
қаласында жер сілкіну болатынына сенімді болуға болады.
С. Жер сілкіну болмауы ықтималдығына қарағанда, алдағы 20 жыл ішінде 
Х қаласында жер сілкіну болу ықтималдығы басымырақ. 


31 
D
. Жер сілкінудің қашан болатынын ешкім білмегендіктен, оның 
болатынын айту мүмкін емес. 
2-
сұрақ
. Жер сілкінуді болжауға бола ма? Ия/жоқ. 
3-
сұрақ
. Жауабыңыз «Иә» болған жағдайда мысалдар келтіріңіз және өз 
жауабыңызды дәлелдеңіз. 
4-
сұрақ
. Жауабыңыз «жоқ» болған жағдайда өз жауабыңызды дәлелдеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет