Сборник задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет22/115
Дата18.10.2022
өлшемі3,47 Mb.
#153746
түріСборник задач
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115
Байланысты:
Тимс,Пизаға дайындық

4-
тапсырма
Вокансонның үйрегі және Гёте
Ағылшын мәтелі: «Егер бір нәрсе үйрекке ұқсаса, үйрек сияқты барылдаса 
және үйрек тәрізді жүзсе, онда ол – үйрек» - дейді. 
29-
сурет – И.В. Гёте және робот-үйрек
Оң жақтағы суретте француз механигі және өнертапқышы Жак де 
Вокансонның 1739 жылы құрастырған механикалық робот-үйрегі бейнеленген. 
Бұл үйрек барылдайтын, қарапайым құстың жүрісіне ұқсастырып жүретін және 
ең қызығы балық жейтін және дәретке отыратын болған. Өз көзімен көрген 
адамдар роботтың шындығында тағамды қорытпайтынын байқаған. Бәлкім, 
механикалық үйректің артқы жағынан дәрет салып қойып отырған шығар, ал 
аузы арқылы түскен тағам оның ішінде қала берген (29-сурет).
1805 жылы ең қызық оқиға болған, себебі үйректі көруге неміс ақыны 
Иоганн Вольфганг Гёте (сол жақтағы сурет) келген. Кездесу оншалықты 
табысты болмады, ақынның айтуынша: «үйрек қаңқа тәрізді болып көрінеді 
және оның ас қорытуында күрделі проблема бар».
Сіздердің ойларыңызша, Вокансонның өнертабысын үйрек деп санауға 
бола ма? Өз ойларыңызды логика және биология тұрғысынан дәлелдеңіздер.
5-
тапсырма.
Қайрат кітаптағы суреттерді қарап отырды. Бұл суреттерде Ресейдің 
орталық-еуропалық бөлігінде кездесетін барпылдауық үйректердің (ата үйрек 
(
кежек) және ана үйрек) суреттері бейнеленген. Ол «ғажап, мен барпылдауық 
үйректерді күзде, қыста және көктемде жиі көретінмін, ал жаздың аяғында 
кездестірген емеспін. Неліктен?» деп ойлады. Алайда бала тез арада (қисынды 
және мүмкін болып көрінетін) бірнеше ықтимал болатын түсіндірмелер ойлап 
тапты.
Ол қандай түсініктемелер ойлап табуы мүмкін екенін болжап көріңіздер. 
Сіздің ойыңызша олардың қайсысы дұрыс? 
 


32 
6-
тапсырма. 
Қасқырлар.
Сіздердің алдарыңызда суретші А.Н. Комаровтың «Қасқырлардың үйлену 
тойы» атты суреті (1936 ж.) бейнеленген (30-сурет).
Бұл суреттен қасқырлардың арасындағы қарым-қатынастың қандай 
ерекшеліктерін байқауға болады? Өз ойларыңызды жазыңыздар.
30-
сурет – Қасқырлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет