Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет18/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

(Шығыс Түркістандағы Хамы қаласынан солтүстік және 
Түрфаннан шығыста
), Емел жане Ертісті ҿзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы
Кҿкшетеңіз (Балхаш), Түркістан мен жҽне Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана 
уҽлаятымен, Қашқар, Ақсу, Шалыш жҽне Тұрфанмен шектеседі» /237а/. Бұдан ҽрі 
Мұхаммед Хайдар Дулати былай деп жалғастырады: «Моғолстанда кҿлемі жағынан 
Жейхұнға (Ҽмудария) тең кҿптеген ірі ҿзендер бар, олардың ішінде Іле, Емел, Ертіс, 
Шұлық (Шу) жҽне Нарын бар. Бұл ҿзендер Сейхұннан (Сырдария) еш кем емес. Осы 
ҿзендердің басым кҿпшілігі Моғолстан мен Ҿзбекстан (Шығыс Дешті Қыпшақ) арасына 
орналасқан жҽне оларды бҿліп тұрған Кҿкшетеңіз кҿліне құяды» /237 б./. 
Моғолстанның шекарасы тұрақты болған емес, оның бір жарым ғасырлық ҿмір 
сүрген уақыты бойынша ҿзгеріп отырды. Алғашқы хан Тоғлық Темір мемлекетінің 
құрамына Моғолстанның ҿзі мен вассалдық иелік ретінде Шығыс Түркістан бірде Темір 
ұрпағының мемлекетіне кірсе, бірде қайтадан Моғолстан билеушілерінің қол астына 


қарады; ХV ғасырдың 80-жылдарынан бастап Моғолстан хандары иеліктерінің құрамына 
Ташкент пен Сайрам енді, бірақ Жетісу кірмей қалды. ХVI ғасырдың басында 
Моғолстанның ыдырауы кезіне қарай оның хандарының билігі тек Қашғариямен ғана 
шектелген еді. 
«Тарих-и Рашиди» бойынша, Тоғлық Темір едҽуір дҽрежеде жағдайды біршама 
түрақтандырып, Моғолстанның бүкіл аумағын ҿз билігіне біріктіре алды; оның ордасы 
Алмалықта болған. Алғашқы моғол ханы ұлыстық жүйені сақтады; жоғарғы ұлыс бегінің 
мұралық лауазымын (ұлысбегі) ол дуғлаттардың басшысына бекітті. 
Мауараннахр хандарының үлгісімен Тоғлық Темір ҿзінің жоғарғы билігін 
ортағасырлық Шығыстағы сыннан ҿткен идеологиялық тірек-мүсылман діні арқылы 
нығайтуды кҿздеді. Ислам дінін қабылдама-ғандарға, тіпті ҽмірлер мен бектерді қоса, ҿлім 
жазасына, адам басына сҽдені шегелеуге дегін қатаң шаралар қолданылды. 
Тоғлық Темір ҿз билігін Мауараннахрға да жұргізбек болды. Ҿзінің сыртқы саяси, 
ҽскери істерімен Тоғлық Темір Жетісудан 1360 жылғы ақпан-наурыз айларында аттанды. 
Ҽскерімен Ташкентке жақын тоқтап, Тоғлық Темір хан ілгері қарай қосын жіберді, ол 
Сырдариядан ҿтіп, Кеш (қазіргі Шахрисабз) қаласына қарай жүріп кетті. Тоғлық Темірдің 
ҿзара жауласып жатқан жергілікті ҽмірлер ҿзіне қарсылық кҿрсетпейді деген есебі 
ақталды. Олардан бірі – Орта Азияның болашақ билеушісі Ҽмір Темір Тоғлық Темірге 
бағынатынын білдіріп, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен бірге басқаруға алды. 
Моғол ҽскерлерінің одан ҽрі ілгерілеуіне Тоғлық Темір ҽскербасыларының ҿзара іс-
ҽрекетінің үйлеспеуі кедергі келтірді. Олардың арасында деректемеде керейт, аргинуд, 
қаңлы тайпаларының ҽмірлері мен бектері аталған. Олар ҽуелі хан ордасына келіп, содан 
соң бүлік шығарып, Моғолстанға кетіп қалды. Моғол ханы Мауараннахрды бағындыру 
жҿніндегі одан арғы ҽрекетін тоқтатуға мҽжбүр болды. Ҽмірлердің бүлігін басқан соң 
Тоғлық Темір 1361 жылы кҿктемде тағы да Мауараннахрға аттанды. Ол 
Мауараннахрдың бүкіл аумағы арқылы ҿтіп, оңтүстікте Құндызға дейін жетті. Мұнда 
кҿктем мен жаз бойы болып, күзде Самарқандқа оралды. Тоғлық Темірдің 
Мауараннахрда уақытша орнығуына ҿлкедегі саяси жағдай – жиырма жыл бойы, ХIV 
ғасырдың 40 жҽне 50-жылдарында орталық билік болмауы жҽрдемдескен еді. 
Ҿзінің баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың билешісі етіп қалдырып, Тоғлық 
Темір Моғолстанға оралды. Моғол ҽскербасылары ҿздерін жаулап алушылардай ұстап, тек 
ҿздерінің баюын ғана кҿздеді. Халық бұқарасының ашынуы мен жаулап алушылар 
орасындағы талас-тартысты пайдаланып, ҽмір Темір Мауараннахрда билік жүргізуге күш 
сала бастады. Тоғлық Темірдың ҿлімі хан тағын мұралану ісімен айналысу үшін Ілияс
Қожаны Мауараннахрдан кетуге мҽжбүр етті. Бірақ Ілияс Қожа қайтар жолында Темір мен 
ҽмір Хұсайнның біріккен ҽскерлерімен шайқасуға мҽжбүр болды. Ол жеңіліп, тұтқынға 
түсті, бірақ Моғолстанға босатылып жіберілді. Темір жеңілген моғол ҽскерін Ташкентке 
дейін қуды. 
Моғолстанның (хижра бойынша 764 /1362-1363/ жылы) ханы болған соң Ілияс Қожа 
1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге жаңа ҽрекет жасады. Темір ҿз 
ҽскерлерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында қарсы алды. 
Бұл жерде ҿткен белгілі «Батпақ шайқасының» («Жанг-и лой») екі жақ үшін де зор 
маңызы болған еді. Шайқас кезінде ҽскерлердің соғыс қимылын қиындатқан қатты нҿсер 
құйды. Моғолстанның қатаң ауа райына неғұрлым кҿндіккен жҽне неғұрлым жақсы 
жасақталған Ілияс Қожаның ҽскері бұл шайқаста жауға тҿтеп берді. Дуғлат ҽмірі Шамс ад-
дин басқарып жеткен тың моғол ҽскері Темірді кері қайтуға мҽжбүр етті. 
Жеңіс моғол ҽскерлеріне Мауараннахрға жол ашты. Темір мен Хұсайын 
Самарқандты тастап, Ҽмударияның арғы бетіне ҿтіп кетті. Бірақ моғолдар Самарқандты 
ала алмады; орталығы Хорасанда болған сарбадорлар қозғалысына қатысушылар 


басшылық еткен Самарқанд халықының қаһармандық күресі моғолдардың шегінуінің 
себебі болды. 
Моғолстанның алғашқы хандарының Шағатай ұрпағы мемлекетін қалпына келтіру 
жолында жасаған ҽрекеттері осылай аяқталды. 
1462 жылы Моғолстанның ханы Есен Бүға ҿлгеннен кейін Жетісуда қазақ 
билеушілеріне қарсы түра алатын нақты кұш болған жоқ. Оның інісі Жүніс хан бұл кезде 
Ташкентте жүрген. Осындай жағдайда бүл аумақта жаңа саяси құрылым – Қазақ 
хандығының тарих сахнасына шығуы заңды құбылыс еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет