Алтын Ордада болып жатқанның бҽрі Батыс Сібірдің жағдайына тікелей ҽсер ететін.
Алтын Ордадағы бүкіл билікті қолына алған Едігеден 1398 желы жеңілгеннен кейін
Тоқтамыс Батыс Сібірге қашты. Ол тайбұғалықтар арасынан қолдау тауып, осында үлес
алды. Қадыр Али Жалаири «Жами ат-таварих» атты енбегінде Обь,Том жҽне Шолым
ҿзендері аралығында орналасқан Тоқтамыс жұрты туралы хабарлайды, ал шежірелердің
бірінде Тюменьге жақын «Сібір жерінде» Тоқтамыстың қаза тапқаны айтылады. Тоқтамыс
ҿлген соң тайбұгалықтар формальды түрде болса да, Едігенің билігін тағы да мойындады.
Едігеден кейін Жошы ұлысының шығыс иеліктерінде Шайбани ҽулеті ҿкілдерінің
арасында билік үшін ҿзара қырқысқан күрес ҿрістеді.
1428 жылы Ҽбілхайырхан Тураға жорыққа аттанды. Адаб бек пен Кепек би қаланы
Ҽбілқайырдың қолына берді. Келесі 1430 жылы Ҽбілқайыр хан Махмуд Қожа ханға қарсы
шықты. Шайқас Тобыл жағасында болды да, Махмуд Қожа хан тұтқынға түсіп, ҿлтірілді.
Ҽбілқайырдың туы астына біріккен кҿптеген тайпалардың ҿкілдері шайқасқа қатысты.
Оларға сіңірген қызметтері үшін Чимги-Тура уҽлаяти мен басқа да жерлердің даруғасы
қызметіне: наймандардан – Сопы бек, ұйғырлардан Қожа Лак баһадүр, күрлеуіттерден
Жұмадық баһадүр жҽне басқалары тағайындалды.
Ҽбілқайыр хан ҿлген соң, 1468 жылы Батыс Сібір аумағының кҿп бҿлігі Ҽбілқайыр
ҽулетінің бақталасы Шайбани ұрпағы Ибақ ханға кҿшті. Ибақтың Батыс Сібірге келген
уақыты ХV ғасырдың 60 жылдарында болған деп топшылауға болады.
Далада Жҽнібек пен Керейдің билігі нығайған соң, Ибақ Дешті Қыпшақтан кетуге
мҽжбүр болды. Батыс Сібірде ноғай мырзаларының кҿмегімен Ибақ ҿз билігін сақтап
қалды. Беделді тайбұғалық Мараның қызына үйленген Ибақ тайбұғалық билеушілермен
туыс болды. Кҿп кешікпей ол тайбұғалықтарды биліктен шеттетіп, Чимги-Тура жҽне
Тобыл мен Ертіске жапсарлас жатқан аудандарды жеке дара басқара бастады.
Ибақ тұсында Батыс Сібірдің Орыс мемлекетімен байланысы орнатылды. Екі рет, 1481
жҽне 1483 жылдары Ибақ III Иванға достық пен одақ құру туралы шарт жасасуды, сауда
қатынастарын орнатуды ұсынған елшілік жіберіп, оған келісім алды. Алайда Ибақ ханның
билік етуіне наразы жергілікті феодалдар тобы Мараның немересі, тайбұғалық
Мұхаммедтің басшылығымен едҽуір күш жинап, 1495 жылы күтпеген жерден Чимги-
Тураға шабуыл жасап, Ибақ ханды ҿлтірді. Батыс Сібірдің билеушісі болып Мараның
немересі, тайбұғалық Мұхаммед жарияланды. Мұхаммед ҿлген соң, басқару тізгіні
тайбұғалықтардың қолында қолды.
ХIV-ХV ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы жергілікті
халық мемлекеттілігінің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде шаруашылықты, қалалар мен
егіншілікті бірте-бірте қалпына келтіру негізінде, белгілі бір дҽрежеде қоғамдық
қатынастарды ҿрістету жағдайларында, Қазақстанның кең-байтақ аумағында бес ғасырдан
астам уақыт бойы Шыңғыс ҽулетінің қол астында болғанына қарамастан жергілікті
этникалық негізде жүргізілді. Бірақ кҿптеген ҽр түрлі этносаяси ұйымдардың, тайпалар
мен халықтардың басын қосқан монғол ұлыстарынан бір айырмашылығы, бұл ғасырда
неғұрлым айқын этникалық түбірге,қалыптасқан халыққа негізделген мемлекеттілік пайда
болды. Ақ Орда, Ҽбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы
мемлекеттерінің құрылуы жергілікті халықтың, түптеп келгенде – қазақ халқының,
солармен қатар, осы мемлекеттер аумақтарында немесе оның бір бҿлігінде қалыптасқан
басқа халықтардың да мемлекеттік даму жолындағы маңызды саты болып табылады. Ол
аймақтағы этникалық жағынан бір текті феодалдық мемлекеттердің бұдан соңғы генезісі
үшін, қазақ, ноғай, қырғыз, аздаған ҿзбек, ұйғыр, сібір татарлары халықтары этникалық
қауымдастықтарының неғұрлым толық шоғырлануы үшін жағдай жасауға кҿмегін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: