Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет5/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

біріншісі
, аймақтық: Андронов мҽдениеті Сібір, Қазақстан жҽне Жайық ҿңірлерінде 
таралған болса, ал Беғазы-Дҽндібай мҽдениеті тек қана Орталық Қазақстанда кездеседі; 
-
екіншісі
, кезеңдік: Андронов мҽдениеті қола дҽуірі мҽдениетінің бірінші жҽне 
екінші кезеңдерін (б.з.б. ХVIIIXIII ғғ.) қамтыса, ал Беғазы-Дҽндібай мҽдениеті үшінші 
кезеңінде ғана ( б.з.б. ХIIVIII ғғ.) үстем болған; 


-
үшіншісі
, Андроновдықтар ҿлікті жерлегенде аяқ-қолын бүгіп (эмбрион тарізді) 
кҿмсе, Беғазы-Дҽндібайлықтар қол-аяқтарын жазып кҿмген. 
Қазақстан қола дҽуірі дүние жүзіндегі қола дҽуірінің ажырамас бір бҿлігі. Бірнеше 
мыңдаған жылдардың ҿткеніне қарамастан, бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан, 
бұдан былай да сақтала беретін, ҽдет-ғұрып, салт-сана, ҽсемдік-сҽндік ҿнердің бастамасы 
болып келген үлгілі ою-ҿрнектер халқымыздың ұлттық мақтанышы болып жалғасуда. 
Олар бүгінгі күнімізде тҽуелсіз Қазақстан елінің жаңа ҿміріңде оның рухани жан 
дүниесімен жаңаша жасарып, ҽрі қарай жалғаса бермек. 
*** 
 
Атақты ғұн тайпаларының ҿсіп-ҿнген жҽне тарихи аренаға кҿтерілген жері Орталық 
Азия. Археологиялық зерттеулер нҽтижесі олардың Селенгі ҿзенінің аңғарында жҽне 
оның салалары жағалауларында 1500-ден астам қорымдары мен түрақты мекен жайлары 
болғандығын кҿрсетеді. Ал Қазақстанның Оңтүстік жҽне Жетісу жерлеріне ғұндар б.э.б. 
II-I ғғ. келе бастаған. 
Ғұндардың этникалық шығу тегі мен тілі осы күнге дейін пікірталас объектісі. Қытай 
деректері ҿздерінің солтүстіктігін мекендеген тайпаларды сюннулар (солтүстіктегілер) 
жҽне дунхулар деп атаған. Осы сюнну сҿзі тайпаның атауына айналған тҽрізді, ол 
кейіннен хунға немесе ғұнға айналып отыр. Қытайлардың басқа бір жылнамаларында 
ҿздерінің терістігіндегі кҿрші түркі тілдес тайпаларды "да" (далалықтар) деп те атаған. 
Бұл мҽліметке қарағанда ғұндардың түркі тілдес болғандығына ешбір күмҽн келтіруге 
болмайтын сияқты. Ал сюнну, хунн деген сҿздердің қытайша ҽртүрлі мағыналары бар. 
Олар ҽлі де болса ғылыми жүйелі зерттеуді қажет етеді. 
Сонымен қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қараганда, б.з.б. IV 
жҽне III ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Байқалдан Ордысқа дейінгі аралықты 
мекендеген күшті Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылады. Олар ҿздері мен кҿрші жатқан 
халықтарды жаулап алумен қатар Қытай жеріне де шабуыл жасайды. Бұл жағдай Қытай 
патшасының наразылығын тұғызып отырған. Сҿйтіп, ғұндар мен қытай ҿкіметінің 
арасында бір-біріне алма-кесек жасалған ұрыс-талас, соғыстар олардың ұрпақтарының 
арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған. 
Жылнамалар бойынша, ғұн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б II ғ. мен I 
ғ. аралығында Моде шаньюй билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған ҽскери реформалары 
ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар ҿздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды 
талқандап, быт-шытын шығарады, бытыраңқылыққа түсіреді. Олардың аман қалғандары 
Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мҽжбүр болады. Ғұндар мұнымен 
де қанағаттанып қоймай, Саян Алтай тауларына дейін шабуыл жасап, Қытайдың Хань 
ҽулетінің негізін қалаушы Лю-Балды да жеңіп, оларды ҿздеріне бағынышты етеді. Б.з.б. 88 
жылы Қытай патшасы ғұндардың шаньюіне қыз беріп, алым-салық тҿлеп тұруға мҽжбүр 
болған. Сҿйтіп, Байкал кҿлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ ҿзенінің 
орта ағысына дейін аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде "Ғұн мемлекеті" пайда 
болған. 
Алайда, ғұн мемлекеті саяси жағынан батырыңқы, экономикалық жағынан ҽлсіз, 
этникалық жағынан ала-құла ел болған. Ғундар қоғамында орын алған осындай 
алауыздықтарды пайдаланып қытай ҿкіметі ғұндарға қарсы бірнеше рет жорықтар 
жасаған. Осындай ішкі-сыртқы қайшылықтардың ҽсерінен "Ғұн мемлекеті" б.з.б. 55 
жылда оңтүстік жҽне солтүстік ғұндар болып екіге бҿлінеді. Оңтүстіктегі ғұндар ҿздерінің 
тҽуелсідігінен айырылып, Хань ҽулетінің қол астына түссе, ал солтүстіктегі ғұндар б.з.б. I 
ғасырының ортасында Чжичжи шаньюдің басқаруымен ҿздерінің тҽуелсіздігін сақтап 
қалу үшін батысқа қарай жылжиды. 


Қазақстанның оңтүстік-батыс жҽне Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған 
екінші толқыны I ғасырдың аяғында (93 ж.) басталады. Олардың аталған жерлерге келуі 
ондағы алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығысуға мҽжбүр еткен. 
Алайда ғұндар бұл жерлерде де біржола тұрақтап қалмады. Олар Дунай арқылы Батыс 
Европаға бет алды.
Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуының үшінші толқыны 
 
II-IV ғасырларда болған. Олар Дунай арқылы Батыс Европаға дейін жетеді. Кейбір 
археологиялық мҽліметтерге қарағанда, олардың ескерткіштері Испания жерінен 
табылған. Олардың осы жылжуы бүкіл Евразия жҽне Қазақстан аумағында ҿмір сүрген 
тайпалар мен
 
халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен ҿзгерістер 
енгізеді. Бұл процесс тарихта үш ғасырлық ―Ұлы кҿш‖ деп аталады. 
Жоғарыда аталған қоныс аудару Қазақстанға ҿзінің үлкен ҽсерін тигізді. Ол, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет