Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет7/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

Усунго
"-Усун 
мемлекеті, "
Синго
" кҿшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірсе, ал таптық жіктерді, 
білдіретін
гуньмо 
- усун билеушісі,
хоу 
- бай, 
даня 
- тархан деген ҽлеуметтік атаулар 
болған. Негізгі ҿндіруші тап қарапайым шаруалар болған. 
Жазба деректер бойынша, үйсін мемлекетінің орталығы Ыстықкҿл маңындағы 
"Қызыл Анғар" (Чичу) қаласы болған. Бұл қала оқулықтарда Чигуген,Чигачун, яғни 
Қызыл Анғар деп айтылады. Қала ҽлі күнге дейін археологиялық тұрғыдан толық 
зерттелмеген. 
. Деректерге қарағанда Үйсіндер кҿшпелі мемлекет. Олар ҿзімен кҿрші жатқан 
Қытай сияқты ірі елдермен, тең хұқықты дҽрежеде саяси жҽне сауда-қатынас жасаған. 
Примечание [u1]: 


Соңғы кездегі, жүргізілген зерттеулер, үйсіндердің VI-VII ғғ. Түркі қағанаттарына 
тҽуелді болғандығына қарамастан, ҿздерінің бүрыннан дамып келе жатқап ҽдет-ғұрып, 
салт-санасып сақтағандығын кҿрсетеді 
Деректемелердің ішінде кҿңіл аударарлық ең бастысы, үйсін тайпаларының Х ғ. 
Түркі жҽне Қытай жазба деректерінде ҿз аттарымен кездесуі. Бұдан кейін Монғол 
шапқыншылығының негізінде жҽне одан кейінгі жылдарда усун сҿзі, соңғы орта ғасыр 
дҽуіріне дейін, тарих сахнасынан біраз уақытқа ҿше бастайды. Ал ХV ғ. бастап араб, 
парсы жҽне түркі деректерінде, Усун емес "Үйсін" немесе "уйшун" деген сҿздермен 
қайтадан пайда болады. Атақты "92 баулы ҿзбек шежіресінде" "уйшун" (үйсін) болып 
жазылған. Міне, осы соңғы атымен қазақ халқының құрамына кіреді. Жетісуда болған 
орыс ғалымдары мен саяхатшыларына Ұлы Жүз ру-тайпаларының ҿкілдеоі ҿздерін 
үйсіндерміз деген. Бұдан шығатын қорытынды, жоғарыда айтылғандай соңғы орта 
ғасырда айтылып жүрген үйсіндер ежелгі үсүндердің жалғасы, ұрпақтары. 
* * * 
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі Қаңлылар. Олар қытай жазба 
деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы жҽне үнді діни кітаптары "Авеста" мен 
"Махабхарата"да қанха болып кездеседі. Түркі руналық жазуларында Кангю-тарбанд 
деген кенттің аты бар. "Кангюй", Қангха, кангю-Тарбанд сҿздерінің кҿрнекті ірі елдердің 
жазба деректерінде сақталуының ҿзі қаңлы тайпалар бірлестігінің, жай ғана ру-тайпалық 
деңгейде ҿмір сүріп қоймай, олардың мемлекеттік дҽрежеге кҿтеріліп, ол елдермен тең 
дҽрежеде қарым-қатынас жасағандарын да кҿрсететін сияқты. Ал кангюй немесе қаңлы 
этнонимінің мағынасы немесе оның пайда болған мерзімі осы күнге дейін белгісіз. Қытай 
жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары дейді. 
Қытай деректеріндегі Чжан-Цяннің хабары бойынша б.э.б III ғ. Қаңлы тайпалар 
бірлестігінің орталығы Битянь қаласы болған. Ол қала Сырдарияның бойында деп 
айтылып жүргенімен, оның дҽл қандай жерде орналасқандығы осы уақытқа дейін 
анықталмай отыр.
Жалпы, Орта Азиямен, Қазақстан жерінде қаңлы ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу 
жұмыстарынан алынған материалдар, шартты түрде үш мҽдениетке бҿлінген. 
-
Қауыншы мҽдениеті; 
-
Жетіасар мҽдениеті; 
-
Отырар-Қаратау мҽдениеті; 
Бұлай бҿлудің ҿзі біріншіден материалдық мҽдениеттегі заттардың жасалу 
мерзімдеріне байланысты болса, екіншіден олардың жасалуы жағынан болған ҿзгерістерге 
байланысты. Сонымен қатар ҽрбір аймақтың, ауданның жергілікті ҿзгерістеріне де кҿңіл 
бҿлінген немесе ҽрбір мҽдениеттің бір-біріне тҽн ортақ қасиеттерінің болғандығы 
анықталған. Ал ондай жергілікті ҿзгерістер, ортақ қасиеттер, заттардың түрлерінің кҿбеюі, 
даму динамикасы кҿрінісі екендігін ескертеді. 
Қауыншы мҽдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден алынған материалдарға 
байланысты, оның бірі Қауыншы кентінің атымен аталған. Бұл мҽдениеттің тарихи 
тұрғындарының ҿмір сүрген мерзімі б.э.б. III ғ. мен б.з. I ғ. арасы. Қазақстандық ғалымдар 
бұл мҽдениетке Ташкент аймағына жақын жатқан Шардара су қоймасының табанындағы 
ескеркіштерді де жатқызады. 
Жетіасар мҽдениеті тұрақты мекенжай салуда, Қауыншы мҽдениетінің түрғындарына 
қарағанда, құрылыс жүйелерінің күрделі ҽрі сапалы салынуы мен ерекшеленеді. Екінші 
бір ҿзгешелік, керамикаларындағы жергілікті айырмашылықтар. Бұл мҽдениеттің 
ескерткіштеріне тохар жҽне ғұн тайпаларының ҽсері болған. 
Отырар-Қаратау мҽдениетіне, Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы жҽне 
Қаратаудың теріскейімен күнгей бҿктерлеріндегі ескерткіштер жатады. Жазба 
деректердегі хабарлар, кҿрсетіліп отырған жерлерді қаңлы тайпаларының негізгі ҿсіп-


ҿнген, этникалық ата-мекені болғандығын кҿрсетеді. Сондықтан да Қазақстан 
археологтары бұл мҽдениеттің ескерткішттерінің зерттелуіне баса назар аударған. 
Сонымен қаңлы тайпаларының қыстақ-кенттеріне жҽне оның аймағына жүргізіліген 
археологиялық зерттеу жұмыстар олардың шаруашылығынан, саяси ҿмірінен, ҽлеуметтік-
экономикалық жағынан кҿптеген материалдар берді. Алғашқы кҿзге түсетін басты мҽселе 
шикі кірпіштен жасалған тұрғын шаруаға қажетті жайлар. Жалпы, жазба деректерде 
жазылғандай "Қаңлы халқы балшықтан жасалған дуалдың ішінде ҿмір сүреді" деген 
хабарлар бекер айтылмаса керек. 
Кенттердің айналысына жүргізілген арық, тоғандар да жиі кездеседі. Олар кҿп 
жағдайда егіндік жерлерге тартылған ірі ҿзендерден (Талас, Сырдария) тартылған 
тоғандар қаңлы тайпаларының отырықшы жер кҽсібімен айналысқандығына дҽлел. 
Тайпалар жерді кҿлдетіп суғару, тҽлім суғару сияқты түрлі тҽсілдерін білген. Жетіасар 
қалашығының зерттелуіне қарағанда оның аймағында Сырдарияның айрықтарын 
ортасынан буып бҿгет жасап, егістікке тоған арқылы су шығарған. Ал таулы жерлерде, 
кішігірім таудан ағып шығатын ҿзен--жылғаларды, бастаулардың суын пайдаланған. 
Тұрақты мекен-жайлардан тҿрт түлікті үй жануарларының сүйектері түгелдей 
кездеседі. Мұндай материалдардың айтарлықтай кездесуі қаңлы тайпалар-ының 
отырықшы мал шаруашылы-ғымен айналысқандығына толық дҽлел. 
Қаңлы тайпаларының обаларына жүргізілген зерттеу жұмыстарға, олардың ҽдет-
ғұрпы, салт-саналарын баяндайтын кҿптеген материалдар табылған. Ҿлген адамдармен 
бірге жерленген құрал-сайман, қару-жарақтар, сҽн-салтанатты ҽшекей бұйымдар, о дүниге 
сенуді, ата-баба аруағына сиынуды кҿрсетеді. Табылған заттар қолҿнердің, зергерліктің 
қаңлы тайпаларында ҿз дҽрежесінде дамығандығын байқатады. 
Қыстақ-кенттердегі тұрғын үйлердің салынуы, бҿлмелердің үлкенді-кішілігі 
зираттардан табылған бұйымдар мен қымбат бағалы ҽшекейлердің біркелкі болмауы, 
ҽлеуметтік теңсіздіктің болғандығының айғағы. Қорымдардан алынған бас сүйектерге 
жүргізілген антропологиялық зерттеулерге қарағанда қаңлылардың нҽсілдік сипатында 
европейдтік жҽне монголойдтік белгілер анықталған. 
Қытай жазба деректерінде қаңлы тайпаларында тайпалық бірлестіктің болғандығын, 
оның мемлекеттік дҽрежеге дейін кҿтерілгендігін баяндайтын хабарлар да бар. Сол 
материалдарды археологиялық материалдармен салыстырғанда, шындығында қаңлы 
тайпаларын Қазақстан жеріндегі алғашқы патриархалдық-феодалдық мемлекеттің 
дҽрежесіне кҿтерілген тайпалар деп қарастырған дұрыс болады. 
Әдебиеттер

1.
Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996. 
2.
Гумилев Л. Хунну-М., 1994. 
3.
Гумилев А. Хунны в Китае. Три века войны Китая со степными народами III-II вв. 
-СПб., 1994. 
4.
Краткая история уйгуров. — Алматы, 1998. 
5.
Акишев К.А. Курган Иссык - М, 1978. 
6.
Акишев КА., Кушыев Г.А. Древняя культура саков средней долины реки –Алматы, 
1963. 
7.
Акишев К.А.
ИСКУССТВО 
и мифологии саков. — Алматы, 1984.
8.
Жолдасбайұлы С. Ежелгі жҽне орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы, ‖Ана тілі‖. 
1995. –176 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет