Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет68/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

6. Ҧлы Жібек жолы
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде 
орналасуы ежелден ҽртүрлі мемлекеттер мен ҿркениеттер арасында транзиттік 
«дҽліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дҽуірімізден бастап бұл құрлық 


жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы 
сауда жҽне мҽдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы 
Жібек жолы жүйесіне айналды. 
Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық ҿзара тауар айналымы мен зияткерлік 
ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. 
Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы 
ежелгі жҽне орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дҽнекері саналды. 
Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс жҽне славян ҿркениеттерін 
байланыстырды. 
Алғаш пайда болған сҽттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік 
империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде 
Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы ҿркендетуге 
жҽне мҽдениетті дамытуға септігін тигізді. 
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми 
тұрғыдан дҽлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл ҽлем үшін ҿзіндік мҽн-маңызы зор бұл 
ҿсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де ҽлемдегі алма 
атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дҽл осы тұқым ең кҿп 
таралған жемісті ҽлемге тарту етті. Бҽріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір 
түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының кҿне 
бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл ҽлемге таралған. Осы 
танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең ҽсем 
қалалардың бірі Алматы деп аталды. 
Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен ҽлі күнге дейін жергілікті ҿсімдіктер 
ҽлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге 
болады. Бұл ҽсем ҿсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шҿлейт 
даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-
ақ ерекше гүлдер ҿз ҽдемілігімен кҿптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл 
ҽлемге тарады. 
Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым кҿпшілігі – 
біздің дала қызғалдағының «ұрпағы»
.
Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі ҿседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет