Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


 Ҧлы даладағы ежелгі металлургия



Pdf көрінісі
бет66/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

2. Ҧлы даладағы ежелгі металлургия
Металл ҿндірудің амал-тҽсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат 
дамуының барысын түбегейлі ҿзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – 
металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның 
Орталық, Солтүстік жҽне Шығыс аймақтарында тау-кен ҿндірісінің ошақтары пайда 
болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. 
Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар ҿндіру ісін дамытып, олардың жедел 
технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл 
қорытатын пештер мен қолдан жасалған ҽшекей бұйымдары, ежелгі дҽуірдің тұрмыстық 
заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бҽрі ежелгі 
замандарда біздің жеріміздегі дала ҿркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты 
қарқынды дамығанын кҿрсетеді. 
3.
Аң стилі


Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене ҿмір сүріп, ҿздерін табиғаттың ажырамас 
бҿлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың 
дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Ҿз жазуы мен мифологиясы бар 
Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мҽдениеті болды. 
Олардың мұрасының жарқын кҿрінісі, кҿркем болмысы мен рухани байлығының 
айшықты белгісі – «аң стилі» ҿнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен 
табиғаттың ҿзара байланысының символына баланып, кҿшпенділердің рухани бағдарын 
айқындап отырған. 
Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін кҿбірек қолданған. 
Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар ҽлемінде сирек 
кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. 
Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары ҿндірістік тҽжірибесі болғанын 
кҿрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, 
мыс пен қоладан балқымалар жасаудың жҽне құймалар құюдың, жайма алтын 
дайындаудың күрделі ҽдістерін жақсы меңгерген. 
Жалпы, 
«аң стилі»
феномені ҽлемдік ҿнердегі биік белестердің бірі саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет