ISSN 1607-2774
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020
35
үшін қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді әдеттегі сараптамалық бағалаудың нәтижелілігі мен
шынайылығын төмендететіндіктен, көптеген мамандардың пікірінше [3, 4], бұл міндетті шешу
үшін шешім қабылдауды қолдаудың интеллектуализацияланған жүйелерінің немесе
сараптамалық жүйелердің әлеуетін пайдаланған абзал [5]. Мұндай шешім қабылдауды
қолдау жүйесі және шұғыл жүйе, оларды қолдану тәжірибесі көрсеткендей [6, 7], әсіресе
қауіп-қатерлер мен кибершабуылдардың әлсіз құрылымдалған белгілері туралы сөз
қозғалғанда, ағымдағы киберқауіпсіздік пен осалдықтарды бағалаумен байланысты рутинді
міндеттерді жеткілікті дәрежеде өзіне қабылдауға қабілетті, бұл жайт ақпараттық қауіпсіздік
қызметтерінің персоналына түсетін жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді, оларға
корпоративтік ақпараттық жүйелердің, оның ішінде белгілі бір компьютерлік жүйелердің
орнықты және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша
басымдыққа ие міндеттерге
ден қоюға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған мән-жайлар нәтижелері осы жұмыста келтірілген зерттеу
тақырыбы өзекті тақырып болып табылады деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Еңбектерде компьютерлік жүйелер үшін ақпаратты қорғаудың сенімді жүйесін құру көп
жағдайда дұрыс айырып танудан және ақпараттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерін кейіннен
бағалаудан [8, 9], кейіннен ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан басымдығы жоғрыларын
өзектендіруден тәуелді болады. Бұл ретте [9-11]-де көрсетілгендей, киберқауіптерді іске
асыру мүмкіндігін анықтау міндеті компьютерлік жүйенің ақпараттық қауіпсіздігі мен
киберқауіпсіздігіне арналған тәуекелдерді бағалау процесінде басым бағыт болып
табылады. Алайда, бұл ретте атап өтетін жайт, жоғарыда қарастырылған еңбектердің басым
бөлігінде [9-14] қауіп іске асырылған жағдайдағы оқиғаның дамуын болжамды бағалауға
арналған модельдер қамтылмайды. Бұған қоса, талдау жүргізілген дереккөздерде [2, 4, 7, 10,
11] сарапшылардың мазмұны бойынша бірдей немесе бір-біріне жақын пікірлерді қате енгізу
мүмкіндігі аз қарастырылады. Атап айтқанда, әр түрлі маманданудағы сараптау топтарымен
тұжырымдалған бірнеше пікірді біріктіру кезінде. Сондай-ақ, әртүрлі
тұжырымдамалармен
бір жағдай (мақсат) сипатталатын кездер де болуы мүмкін [12]. Білімнің осы ерекшеліктерін
есепке алу үшін компьютерлік жүйенің ақпараттық қауіпсіздігі пен киберқауіпсіздігі үшін қауіп-
қатер рәсімі барысында шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің білім базасы объектілерін
мазмұнды сәйкестендіру әдісін пайдалану ұсынылады [12].
Киберқауіптерді және компьютерлік жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігіне төнетін
тәуекелдерді бағалау міндеттерінде сараптамалық жүйені жобалау кезінде аналитиктер
тарапынан ақпараттық қауіпсіздік аудиті кезінде қойылатын типтік сұрақтардан тұратын
сауалнамалардың немесе термесауал парақтарының қалыптастырылуы табиғи кезеңдердің
бірі болып табылады. Мысалы, мұндай сауалдарға мыналарды жатқызуға болады –
инциденттер орын алды ма, ұйымның немесе компанияның құпия ақпараты бар ма және
т.с.с. [8, 10]. Бұдан әрі ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы немесе аналитик унарлы
және/немесе бинарлы айтылымдарды қалыптастырады. Мұндай айтылымдар сориттерді,
яғни тізбекті силлогизмдер тізбегін құруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қауіпсіздік
міндеттерінде сараптамалық жүйелер үшін білім базасын жобалау контексінде, силлогизм –
бұл атрибутивтік айтылымдардан тұратын екі сілтемелі ойтұжырым. Бұдан әрі
предикаттарды есептеу аппараты мен семантикалық желілерді пайдалана отырып, нақты
сыни жүйенің өзекті киберқауіптеріне арналған модельдерді қалыптастыруға болады. Жалпы
алғанда компьютерлік жүйелерге арналған киберқауіптер тізбесін қалыптастыру алгоритмінің
негізгі кезеңдерін 1-суретте көрсетілген схема түрінде ұсынуға болады. Білім базасын
жобалау кезінде келесідей базалық унарлы айтылымдар қолданылды (магистрлік жұмыс
шеңберінде ішінара келтірілуде): 0 – зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді орындау; 1 –
USB кірістерін пайдалану; 2 – иілгіш дискілерді пайдалану; 3 – интернетке шығудың болуы; 4
– жергілікті есептеуіш желіге шығудың болуы; 5 – CD/DVD болуы; 6 – антивирустар мен
сигнатуралар жаңартылуының болмауы; 7 – кешенді АҚ жүйесінің болмауы; 8 – антивирустің
болмауы; 9 – ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік үшін жауапты адамға арналған
нұсқаулықтардың болмауы; 10 – әкімшіге арналған нұсқаулықтарда ақпараттық қауіпсіздіктің
жоқтығы; 11 - ақпаратты қорғаудың технологиялық процестерінің болмауы; 12 –
ақпаратты
антивирустік қорғау құралдары үшін нұсқаулықтардың болмауы; 13 – ақпаратты қорғау
құралдарын орнату жөніндегі актінің болмауы; 14 – қолжетімділік кілттері мен
атрибуттарының жылыстауы; 15 – резервтік көшірме файлының болмауы; 16 -
пайдаланушының нұсқаулығында элементтердің болмауы; 17 – ақпаратты тарату фактісі; 18
ISSN 1607-2774
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020
36
– қызметкерлердің ақпаратты жарияламайтыны туралы шарттың болмауы; 19 –
локальді
есептеуіш ортаға вирусты бағдарламалық қамтамасыз етуді жұқтыру қаупі ; 20 – локальді
есептеуіш желілерде парольдерді қармау қаупі; 21 – файрволдың жоқтығы; 22 – 100 және
басқасы, резервті қоса алғанда.
Сурет 1 – Компьютерлік жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігінің қауіп-қатерлері мен
тәуекелдерін бағалау алгоритмдерінің өзара әрекеттесуінің жалпы схемасы
Бұл тәсілдемені желілік қауіпсіздік саласындағы бастапқы айтылымдарға сүйенетін
тізбекті силлогизмдер тізбегін құру мысалында қарастыралық.
Ақпараттандыру объектісінің сипаттамаларын сипаттайтын қарапайым унарлы
айтылымдарды құралық: 1)
0
Достарыңызбен бөлісу: