«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет101/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

күшейе түскен әлеуметтік 
тұрақсыздық
. Оның негізгі себебі – 
әлеуметтік теңсіздік. 
Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың 
өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай 
тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. 
Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. 
Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, 
сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз. 


Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз 
қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады. 
Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі 
қойылады. Біз үшін маңызды міндет – 
қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты
нығайту.
«Қазақстан-2050»: Маңызды міндет - қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту 
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптаның 14 
желтоқсанында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап Мәңгілік Ел болудың биік межелерін айқындаған 
еді.
Оның ішінде Президент ХХІ ғасырды Қазақ елінің алтын ғасыры болатынын болжамдады. Ал 
мұндай игілікті кезеңнің нақты көрсеткіші етіп Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің 
аса дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның шығуы тиістігін айтып, осы бағытта атқарылуы 
тиіс тапсырмаларды да түгендеді. Дегенмен, мұндай межелі биік асуларды еңсеру еліміз үшін 
оңай болмайтынын ескерген де ләзім. Олай болатын себебі Жолдау барысында Ұлт көшбасшысы 
жаһанға қаһары төнуі әбден мүмкін 10 сын-қатерге баса назар аудартты. Сондай сын-қатердің 
арасында Президент жер-жаһанда үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық мәселесіне де ерекше 
тоқталған болатын. «Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен 
әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік. Бүгінде әлемде екі жүз 
миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы 
онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып 
отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау 
керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. 
Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз. Әлеуметтік-саяси 
дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, 
біздің төзімімізді сынаққа алатын болады. Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және 
әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет – қоғамымыздағы 
әлеуметтік тұрақтылықты нығайту», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Расында, беделді 
халықаралық сарапшылардың басымы әзіргі әлемдік ахуалға тоқтағанда әлеуметтік мәселе әбден 
ушығып тұрғанын, тіпті бұны тез тұтанатын, тұрақсыздыққа тура апаратын кесел ретінде 
қарастырады. Соны ең алдымен мықты мемлекеттердің қаперіне салғысы келеді. Дегенмен, 
бұған қайрат қылуға Еуропа елдерінің өзінде де шама болмай тұрғанын аңғару қиын емес. Ал 
Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметінің тұрмыс-жайы баршаға 
мәлім. Ендеше межеленген келешек асуларда, айқындалған жаңа мақсаттарды еңсеруде 
әлеуметтік сипаттан туындайтын сын-қатерге ұрынбай, оны тиімді етіп жүзеге асырып, 
тұрақсыздық қауіптерін қалай айналып өтуге болады? 
Осындай маңызды сауалдарға жауапты да сол «Қазақстан-2050» стратегиясынан, яғни Елбасы 
айқындаған стратегиялық Жолдаудан әбден таба аламыз. Өйткені дәл осы алдағы уақытта 
ұстанатын әлеуметтік саясат турасында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Біздің басты 
мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы 
тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған 
және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді. Әлемдік тәжірибе 
көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол 
әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты. Әлеуметтік 
қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу – бұл әрбір қазақстандыққа әсер 
ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан бұл тұста әр қадам мұқият ойластырылған 
болуы тиіс», - деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет