«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет102/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
 
Бағалау
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
Әртүрлі стильдегі мәтіндерді салыстыра талдайды
1.
Мәтіндердің тақырыптарын анықтайды;
2.
Мақсатты аудиторияларын табады;
3.
Қызметі мен құрылымын салыстырады;
4.
Тілдік ерекшеліктерін салыстыра талдайды.


Оқылымнан кейінгі тапсырма
4-тапсырма. 
Оқылым мәтіндерін басшылыққа ала отырып, қоғамдағы әлеуметтік 
тұрықтылықты нығайтуға арналған жоспар құр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль 
2-сабақ 
Оқу мақсаттары 
10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз 
біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру 
Сабақ мақсаттары 
Үзінділер бойынша тыңдалым мәтініне болжам жасау, өз 
білімі бойынша тақырыпты жалғастыру. 
Құндылықтарды дарыту 
 
Азаматтық тәрбие, құрмет 
Пәнаралық байланыс 
Экономика 
Тірек сөздер 
Үндеу, әлеуметтік бастама, қамтамасыз ету, қолжетімді, 
мүмкіндік 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Тыңдалымалды тапсырма 
 
1-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша ойыңды білдір. 
 
1.
Халқымыздың өмір сүру сапасы қандай деңгейде деп ойлайсың? 
2.
Өмір сүру сапасын қалай жақсартуға болады? 
3.
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» туралы не білесің? 
 
2-тапсырма. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 наурызында халыққа 
арналған үндеуіндегі 5 әлеуметтік бастаманы оқып, шешілу жолдарына болжам жаса. 
 
Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». 
Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық 
жүктемесін азайту». 
Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент 
жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». 
Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту». 
Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». 
 
Тыңдалым тапсырмасы 
 
3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, көтерілген мәселені зертте, әлеуметтік бастама туралы өз 
көзқарасыңды білдір. 
 
Тыңдалым мәтіні: 
Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі мемлекет тарапынан қашанда өз 
азаматтарының мұң-мұқтажы мен әлеуметтік жағынан қорғалуына үздіксіз көңіл бөлетіндігін 
көрсетті. Бес әлеуметтік бастаманың «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін 
беруден» басталуының өзіндік сыры бар. Себебі, «Отбасы – шағын мемлекет», демек әрбір 
Қазақстан азаматының «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында баспаналы болуы – халықтың еңсесін 
көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімін арттырады. Екінші бастамада «Жалақысы төмен 
жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» мәселесі 
айтылған, бұл – жалақысы төмен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тобына 
жасалған үлкен жеңілдік. Жалақысына салынатын салық жүктемесінің 1 пайызға түсуі – жұмыс 


берушіге салмақ салмай-ақ, жалақысының көтерілуіне игі ықпал етеді. Алдағы уақытта салық 
үдемелі болып, негізгі салмағы ірі меншік иелеріне түсетін болса, төменгі жалақының орташа 
мөлшерін де арттыруға болады. Үшінші бастама «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен са-
пасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» – дер уақытында 
көтерілген әлеуметтік мәселе. Жастар – еліміздің болашағы. Елбасы Қазақстан халқына арнаған 
биылғы Жолдауында төртінші өнеркәсіп төңкерісінің мүмкіндіктерін қоғамымыздың барлық 
саласында кеңінен қолдануды тапсырды. Сондықтан жастарға заман талабына сай, бәсекеге 
қабілетті жоғары сапалы білім беруіміз керек. Мемлекеттік грантты 54 мыңға қосымша 20 мың 
грант қосу жастарға жасалып отырған зор мүмкіндік дер едім. Студенттерге 75 мың орындық 
жаңа жатақхана салуды жүзеге асыру, әрбір студент жастың алаңсыз жан-жақты білім алуына 
жағдай жасайды. Елбасының төртінші бастамасы – «Шағын несие беруді көбейту». Бұл – өз 
кезегінде халықты еңбекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жолы. Нәтижесінде, кәсіпкерлік дамып, 
жеңілдетілген шағын несие беру тұрғындардың банктерге деген сенімін арттыра түседі және 
жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына септігін тигізеді. 
Биылғы қыстың қытымыр мінезі мен халықты көмірмен қамтамасыз етудегі тапшылық, жылыту 
маусымында Астана ауасының ластануы Елбасының «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» 
атты бесінші бастамасы арқылы жан-жақты шешімін тапқалы отыр. Бұл – Қазақстанның орталық 
бөлігіндегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартады. «Төртеу түгел болса, төбедегі 
келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» демекші, Елбасының қазақ халқын үнемі бірлікке ша-
қыруы – өткеніміз бен бүгінімізді саралаудың жолы. Бүгінде Қазақстан – «беліне байлаған 
шоқпарды» көтере алатындай жағдайдағы әлеуеті жоғары, халқы сауатты, экономикасы мен 
әлеуметтік дамуы өз халқына толық қамқорлық жасай алатындай деңгейде. Елбасының «Нұр 
Отан» партиясы – халықтың партиясы, сондықтан бес әлеуметтік бастаманың орындалуы 
жолында айрықша орны бар» деуі жауапкершілікті арттырады.
(Меруерт Абдыхалықова) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет