«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет143/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
Оқылым тапсырмасы
 
2-тапсырма. 
Берілген мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны мен идеясын сақтай отырып, 
өзіңе берілген стильге сай өнім дайында.
1-топ. Тақырыпқа сай ауызекі сөйлеу стиліндегі ауыл адамы мен қала тұрғынының 
диалогын дайында, тыныс белгілердің қойылуына назар аудар. 
2-топ. Тақырыпқа сай ресми стильдегі ауыл әкімінің есебін дайында, тыныс белгілердің 
қойылуына назар аудар. 
3-топ. Тақырыпқа сай көркем әдебиет стилінде ауылда өскен адамның балалық шағына 
деген сағынышын сипаттайтын шағын әңгіме дайында, тыныс белгілердің қойылуына 
назар аудар. 
4-топ. Тақырыпқа сай ғылыми стильде қаладағы адам санының тығыздығынан 
туындайтын мәселелерге байланысты шағын зерттеу жұмысын дайында, тыныс 
белгілердің қойылуына назар аудар. 
5-топ. Тақырыпқа сай публицистикалық стильде қалалықтарды ауылды жандандыруға 
үгіттейтін үндеу хат дайында, тыныс белгілердің қойылуына назар аудар. 
2050 жылдарда ауыл мүлдем жойылуы мүмкін
Болашақта халық қалаға шоғырланады. Елбасы атаған келесі мегатренд – урбанизация. 
БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, 2050 жылға қарай әлемде қала тұрғындарының саны 7 
млрд-қа дейін жетеді. Бұл дегеніміз, қазіргі уақытта 1 млн тұрғыны бар Астана, Алматы, 
Шымкент қалаларындағы адам саны алдағы 30 жылда 20 млн-ға жетеді деген сөз. 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Еуразия бөлімінің жетекшісі Уильям 
Томпсонның пікірі бойынша, алдағы 75-80 жылдың ішінде адамзат осыған дейінгі 4 мың 
жылдықта болмаған урбанизация үдерісіне куә болады. Адамдар белсенді түрде қалаға 
көше бастайды. Осы уақытқа дейін әлемде 3,5 млрд адам қалада тұратын болса, ал ғасыр 
соңында тағы осыншама халық шаһарларға қоныс аудармақ, сондықтан жаңа 
қалалардың құрылысында осы жағдайды ескеру керек. Өкінішке қарай, қазір әлемнің 
көптеген елі мұны қаперге алмай, қателікке жол беріп отыр. Әлемде тек қала 
тұрғындары ғана емес, жалпы халық саны көбейеді. Форум қатысушысы Қытай 
халықтық достық қоғамының бас директоры Ли Синьюйдің өз баяндамасында 2050 
жылға қарай ауылдар мүлдем жойылуы мүмкін екенін айтты. Бұған мысал, бүгінде 
қытай елі үлкен мегаполистерден бөлек, шағын қалашықтар салуға көшкен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет