«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет158/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
4- мәтін 
Шешендік – тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи қиын 


кезендерде шешендік қоғамға қызмет етті. Шешендік өнердің тарихына көз жіберсек, 
шешендік әсіресе тәуелсіздік жолындағы күресте өте-мөте белсенді қызмет атқарды. 
Шешендер тіпті жер дауы мен жесір дауын қозғаса да, түбі елдікке, бірлікке, теңдікке 
барып тірелді. Сондықтан да әйгілі шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер, 
қол бастаған батырлар болуы тегін емес еді. Немесе біз білетін шешендердің әрі би, әрі 
қолбасшы, әрі батыр, әрі жырау-философ болуы да осы ұлы мұраттан туындағаны 
белгілі. Кейін қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты, идеология да 
өзгерді: бұрынғыдай халық жиналыстарында саяси-әлеуметтік тақырыптарда 
пікірталасы немесе үгіт-насихат сөздері кеңінен жүзеге аспады, қоғам мүшелерінің саяси 
белсенділігі төмендеді. Енді шешендер мен шешендік сөздердің, шаршы топтың сипаты 
өзгерді: шешендер білім-ғылым, оқу-ағарту, тәлім-төрбие, мәдениет-өнер тақырыптарын 
қозғаған көркем сөз иелері – ақындар мен жазушылар, ғалымдар, журналистер болса, 
тындаушы топ – білім-ғылым, оқу-ағарту, мәдениет саласындағы көпшілік. Кейінгі 
қоғамда шешендік өнердің көрінетін орындары-жоғарыдағы тақырыптарға арналған 
жиналыс, конференция, съезд, симпозиум, семинар, диспуттар еді. Шешендік сөздің 
сипатына қарай яғни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер 
тіл мәдениетін көтеретін шарттардың бастысына айналды.
 
Оқылымнан кейінгі тапсырма 
1-тапсырма. Ұсынылған мәтін негізінде және түрлі ресурс көздерінен ақпараттар 
ала отырып, «РАФТ» стратегиясы бойынша шығармашылық жұмыс орында,
жазылым барысында тыныс белгілерінің дұрыс қолданылуына ерекше назар 
аудар. 
Р 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет