қатты қысылатын әдеті болыпты. «Темір ханшайым» шешендік өнерден арнайы сабақ
алмаса болмайтынын түсінеді. Бірінші кезекте ол тәжірибелі театр қызметкерлерінен
көмек сұраған, уақыт өте келе жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Актерлік шеберлік пен
шешендік өнердің арасында жақындықтың барын осыдан-ақ байқауға болады. Маргарет
Тэтчер ханымға «Темір ханшайым» деген ат оның саяси көзқарасындағы табандылыққа
емес, дауысының жағымсыздығына қатысты берілген.
Уинстон Черчилль «бір сағат бойы тапжылмастан сөйлеу бәрінің қолынан келеді, ал бес
минут шешен сөйлеу үшін адам алдын ала бір ай бойы дайындалуы керек» деген. Ол
сөзден тосылып қалуды өліммен теңестіріп, 20 минуттан артық сөйлеудің қажеттілігі
жоқ деп есептеген.
Ел басқарған саясаткерлердің ішінен дәл Гитлердей шешен адамды таба қою қиын.
Гитлердің сөйлеген сөздерін талдаған сарапшылар оның барлық жағынан жұртшылыққа
әсер ете алғанын мойындапты. Барлық жағы дегеніміз: оның сөзі, қимыл-әрекеті (жест),
сөйлемдердің арасындағы үзілісі, эмоциясы. Гитлер соғыста өзінің қарсыластарынан
жеңілген шығар, бірақ сөзсайысында ол алдына ешкімді салып көрген жоқ.
Ал қазіргі билеушілердің ішінде шешендігімен көзге түскен кім бар? Ресейдің психологі,
уақтысында шешендік өнерге премьер-министрлерді де баулыған Дмитрий Устинов: –
Осы салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар маман ретінде айтарым, Путиннің шешендік
қарым-қабілеті қалыптасқан адам деп бағалауға болады. Егер әлемде президент –
шешендердің рейтингісі жасалса, онда Путин алғашқы үштікке сөзсіз енеді. Сондай-ақ,
алғашқы орындарды Обама мен Саркози (Францияның бұрынғы президенті) иеленген
болар еді,– депті.
Шешендігімен, ақындығымен аты шыққан кешегі көшпелі халықтың ұрпағы, бүгінгі
қазақ саясаткерлерінің ішінде сөздің түбін түсіріп, елді өзіне ұйытып әкететін кім бар?
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөз саптасы да жаман емес. Президенттің
ақынжандылығы, қазақы қалжыңға келгенде тапқырлығы аңғарылып тұрады, ойын
қазақша да, орысша да айқын жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: