«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет174/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Қажетті ресурcтар 
https://egemen.kz/article/soeyleu-%E2%80%93-ulken-oener
 
Сабақтың жүргізілу барысы
 
Тыңдалымалды тапсырма
1-тапсырма. 
Берілген сөздің әр әрпінен басталатын бөлім тақырыбына қатысты сөздер 
құрастырып көр. 
С – ------------------------------------ 
Ө – ------------------------------------ 
З – ------------------------------------ 
 
Ө – ---------------------------------- 
Н – ---------------------------------- 
Е – ---------------------------------- 
Р – ---------------------------------- 
І – ---------------------------------- 
 
2-тапсырма. Төмендегі пікірді сыныппен талқыла. 
Сөздің өтімділігі, тыңдаушының құлағына қонып, жүрегіне жетімділігі алдымен сөй-
леушінің шеберлігіне, нақтылығына, шыншылдығына және қарапайымдылығына байла-
нысты. Кейде шешеннің дауыс ырғағының құлаққа жағымдылығы мен анық естілуі де 
айтылған сөздерді тез ұғуға, ықыласпен қабылдауға ықпал етеді. 
Тыңдалым тапсырмасы


1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіндегі көтерілген мәселеге, пікірлерге 
ерекше мән бер. 
Сөйлеушінің эмоцияға берілуі айтып тұрған сөзінің мазмұны мен тыңдайтын ортаға 
байланысты болуы керек. Айтылып жатқан мәселе өздеріне мүлде қатысы жоқ ортада 
эмоцияға беріліп сөйлеу күлкі тудыратын кездері жиі болады. Мәселен, малдың обадан 
қырылуы туралы политехникалық институттың студенттеріне эмоциямен айтсаңыз, 
олардың күлетіні күмәнсіз. Ал сол мәселе ветеринария факультетінің студенттеріне 
айтылса, олар жақсы қабылдайды. Сондай-ақ, дауысты орынсыз көтеру де 
тыңдаушыларға теріс әсер ететін кездер жиі болады. Президенттің пулында 10 жыл іс-
тегенде осылай сөйлегендердің де куәсі болдық. Мәселен, ТМД елдері басшыларының 
кезекті саммиттерінің бірінде, атын айтпай-ақ қояйық, сөз алған бір елдің президенті 
дауысын орынсыз көтере сөйледі. Айтып жатқан мәселелері орынды, алайда, дауыс 
ырғағы тыңдаушыларын кеудеден кері итергендей әсер қалдырды. Осы заманғы қазақ 
шешендерінің арасынан Президент Н.Назарбаевтың сөздері тыңдаушысын ешқашан 
бейжай қалдырмай, өзінің құдіретіне баурап алады. Н.Назарбаевтың сөздерін тыңдай 
бастасаңыз, оның үніне арбалып, шыға алмай қаласыз. Оның үстіне, ол баяндамадағы бір 
сарынды мәтіннен жиі шығып, эмоциялық комментарийлерімен, мысалдарымен сөздерін 
жиі жандандырып отырады.
Сол сияқты Ә.Кекілбайұлының дауыс ырғақтары да адам санасын тұсаулап, өзінің еркіне 
бағындырып алатын. Бірде мынадай оқиға болды. Қазақ хандығының 550 жылдығына 
арналған кезекті конференция өтіп, оны жазуға «Егеменнен» біз барған едік. Сөз кезегі 
өзіне тигенде Әбіш Кекілбайұлы марқұм ағыл-тегіл ақтарылды ғой. Жұрттың бәрі 
сілтідей тынып, арбалып қалған...
Қазақ шешендерінің арасында Бауыржан Момышұлы сөздерінің де орны ерекше. Сөз 
батырдың дауыс ырғағынан ғана емес, шындықтың шырқын бұзбай ашық айта алатын 
айрықша тапқырлығымен менмұндалап тұрады. Бір қызығы сол, оның сөздерін 
түпнұсқадан оқысаң да батырдың үні құлағыңа гүрілдеп естіліп тұрғандай болады. 
Жуырда интернет-газеттің бірінде Баукеңнің Литвада орналасқан 9-гвардиялық 
дивизияның командирі кезінде, яғни 1945 жылы сөйлеген сөзі жарияланды. Бұл 
комдивтің үкіметтің демобилизация жариялағанын полк жауынгерлеріне естіртуі еді. 
Осы сөзді оқып отырып, бір жерінен де жалықпайсың: Баукең лирикалық шегініс жасаса 
да, моральдық тұрғыдан ақыл-кеңес айтса да, жеңімпазға лайықты тәртіпті сақтау ке-
ректігін ескертсе де, отбасымен қауышу қуанышын жасауға берілетін материалдық 
көмек туралы айтса да артық-кемі жоқ, нақпа-нақ, солдаттың жүрегіне жақын сөздермен 
тура жеткізеді. Мұнда сол кездерде айтылуға міндетті «партияға алғыс», «Сталинге 
мадақ», «Кеңес армиясының қаһармандығы» сияқты толып жатқан одалардың бірі де 
ауызға алынбаған, өйткені, олардың тап осы жерде мүлде артық екендігін ол танып тұр.
Әлемдік аренадағы айтулы шешендердің бірі – Фидель Кастро. Испанша түсінбейтін бір 
ағылшын журналисі Фидельдің сөзін тыңдағаннан кейін «не айтқанын түсінбесем де, 
мен оның артынан еруге дайын болдым» деп жазған екен. Бұл – сөзіне үйлесімді үннің 
құдіреті. Шешен сөзінің дұрыс қорытылуы да өте маңызды. Өйткені, сөздің нақ осы 
бөлігі тыңдаушының есінде қалады. Осы саланы зерттейтін мамандар мұндайда сәйкес 
келетін жыр жолдарын келтірсе, жарасып кететіндігін айтады. «Өлең – сөздің патшасы» 


екендігін Абай да айтқан ғой. Осыны біздің үлкен мінберлерден сөйлейтін шешендеріміз 
ескеріп отырса, тек ұтатыны анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет