аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне
сарындары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы даланың фольклоры мен әуендері
заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін
көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін
арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды. Біздің
мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды,
сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде
дәріптеуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы
аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек. Атап айтқанда, көнерген сөздер
мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға
болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың
заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар, фольклорлық
дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге
елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет. (305 сөз)
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті
Достарыңызбен бөлісу: