«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет41/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
 
Мәдени мұралар – ұлт игілігі 
Ә.Марғұлан 
атындағы 
археология 
институтының 
директоры, 
тарих 
ғылымдарының докторы, профессор Карл Байпақовпен сұхбат.
- Ұлттық жәдігерлеріміздің бірі тарихи мұралар екені белгілі. Осы тарихи 
мәдени мұраларымызды қорғау ісі қалай жүріп жатыр? 
– «Ұлы Жібек жолы» – әлемдік деңгейдегі тарихи бренд. Бұл көне керуен мәдениет, 
тарих, сауда-саттықтың негізі ғана емес, байланыс пен қарым-қатынас құралы 
болды. Бүгінгі ғаламтор желісінің қызметін атқарды. Кез келген дипломатиялық 
келіссөздер, бірнеше ел арасындағы ақпарат тасымалы және тағы басқа байланыс 
құралдарының қарқынды дамуына бұл ұлы жолдың тигізген септігі мол болды. Ал 
осы «Ұлы Жібек жолының» ірі қалаларды аралап өткенін тарихтан білеміз. 
Халықаралық мәдени мұра тізіміне енгізу үшін ұлы керуен басып өткен көне 
қалаларды тауып, зерттеп, тарихи маңызын дәлелдеу қажет болды. Археологтар 
мен тарихшылар мұндай көне қалаларды тапты. Осындай жәдігерлердің «Мәдени 
мұра» екеніне халықаралық комиссияның көзін жеткізу үшін аянбай еңбек етті. 
Атап өткеніміздей тарихи маңызы зор, аса құнды көне қаланың бірі – Талхиз. 
Алматы облысына қарасты мың жылдық тарихы бар Талхизді ЮНЕСКО-ның 
Мәдени мұра тізіміне енгізуді ұсыну туралы шешім қабылданған күннен бастап бұл 
көне қаланың тағдыры мені бей-жай қалдырған емес. Талғар және басқа да тарихы 
терең жеті қаланы ЮНЕСКО тізіміне тіркеу жұмыстарының басы-қасында болдым.
– ЮНЕСКО-ның арнайы комиссиясы келіп, көне қала аймағын тексеріп 
жатқанын естідік. Қалай ойлайсыз, Талхиз халықаралық ұйымның тізімінде 
қала ма, әлде?..
– Халықаралық ұйымның жанынан құрылған комиссия өкілдері елімізге келіп, 
Талхизді және басқа тарихи жәдіргерлерді зерттеп, зерделеп жатыр. Әлі біраз уақыт 
бойына жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл әлемдік ұйым келе 
салысымен шешімін бере салмайды. Әбден тыңғылықты жүргізілген тексеру 
жұмыстарынан кейін барып, тоқетерін айтады. Тіпті, ЮНЕСКО-ның бұл мәселеге 
қатысты есебін келер жылы бірақ білетін шығармыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет