«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет38/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Фонематикалық 
принцип
көп 
жағдайда 
морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда 
белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір 
ғана әріппен белгіленеді. 

Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі 
емес), саудагер (сәудегер емес). 
Фонетикалық принцип 
Фонетикалық 
принцип
бойынша 
сөз 
бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке 
алынып, 
айтылуы 
негізінде 
(естілуінше) 
жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша 
кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық 
принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.).


 
 
2-тапсырма. Өнер саласындағы жаңалықты оқы. Роботтар өнер саласын меңгеруі 
дұрыс па? Келісіп немесе келіспей топта талқыла. Ойыңды «пирамидалық талдау» 
тәсілі бойынша жаз. 
 
Ағылшын инженерлері сурет салып, өнерге баулитын құлтемірді көпшілікке 
таныстырмақ. «Аида» есімді робот қазір құрастырылу үстінде. Ол сурет салып қана қоймай, 
адамның бет-әлпетін тани алады. Сондай-ақ дене қимылы мен адам жүзіндегі ым-ишараны 
қайталап көрсетеді. 
 
Ал құлтемірдің сурет салу өнерін мамырда Оксфордта өтетін көрме кезінде тамашалауға 
болады. Сондай-ақ оның үздік туындылары көпшіліктің назарына қараша айында ұсынылады. Бұл 
көрме Лондонда өтеді деп жоспарланған. Эйден Меллер, Engineered Arts компаниясының 
директоры: – Құлтемірлер өнерге жақын бола ала ма? Осыны сынап көргіміз келеді. Қазір 
жасанды интеллекті дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сондықтан бұл жобадан күтеріміз 
мол. 
«Пирамидалық талқылау» стратегиясы.
Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ 
мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға 
тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің 
жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, 
ойларын қорғайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет