Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
3-тапсырма. Тыңдаған мәтінге сүйене отырып, өз пікіріңді білдір.
1.
Дамушы мемлекеттер қазір барлық саланы цифрландыруға көшті. Бұл саланың
қарқынды дамуы туралы не айтасың?
2.
Инновациялық жобаларды жүзеге асыру мемлекеттің дамуына қалай әсер етеді деп
есептейсің? Жаңа технологиялар өмірде несімен пайдалы?
3.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен бірлесіп жаңа ІТ жобаларды іске
асыру неге тиімді?
4.
Тың технологияларды ойлап табу үшін не қажет? Бұл бағытта қандай жұмыстар
атқарылуы тиіс?
4-тапсырма. Сен мектеп оқушылары атынан форумға қатысып, көпшілік алдында
сөйлемекшісің. Аудитория алдында сөйлеуге дайындал, ойыңды жүйеле, айтатын сөзіңді
әзірле.
Ойды жалғастырып сөйле.
Алпауыт елдер инновациялық технологияларды қуса жеткізбестей жылдам қарқынмен
дамытуда. Жаңа технологияларды ойлап табу арқылы өз тіршілігін жеңілдетіп отыр.
Сондықтан болар бүгінгі күні еліміз негізгі басымдылықты цифрландыруға қарай бұрды.
Цифрлы Қазақстан. Ол қандай болмақ?! ...
Бағалау
Бағалау критерийі
Дескриптор
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік
алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай
отырып, дұрыс сөйлейді.
1.
Кестені толтырады:
3 маңызды ақпаратты табады;
2 фактіні келтіреді;
өзекті мәселені анықтайды.
2.
Мәтіндегі мәселеге қатысты өз ой
түйінін айтады.
3.
Тақырыпқа қатысты сұрақтарға
жауап береді.
4.
Коммуникативтік жағдаятқа сай
аудитория алдында сөйлейді.
5.
Ойын жүйелі жеткізеді.
6.
Сөздерді орынды қолданады.
|