ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
17
мен үкіметтік бағдарламалар резолюцияның
мақсаттары мен міндеттеріне сай келеді.
«
БҰҰ ҚК 1325 қарарын Қазақстанда жүзеге
асыру
барысында
қандай
проблемалы
аймақтар бар деп ойлайсыз?»
деген сұраққа
11-С
«Саяси ерік бар, бірақ оның жүзеге асуы
менің ойымша үзік-үзік түрде өтіп жатыр және
ол көптеген басқа құрылымдардың еркіне
тәуелді. Сол себептен қаржыландыру мен есеп
беру жеткіліксіз деңгейде. Ынтымақтастықтың
үрдісі мен механизмдері бар және олар жолға
қойылған. Бірақ қоғамның дауысы жеткілікті
түрде есепке алынбайды»
деген ойын білдірді.
Сарапшылардың үшеуі саяси еріктің, жеткілікті
қаржыландырудың
және
есеп
беруге
міндеттіліктің жоқ екендігін алға тартты. С-7
мынадай ой білдірді:
«Іс-әрекеттер үйлестігі
жоқ, мемлекет әлі күнге дейін үкіметтік емес
ұйымдармен нашар жұмыс істейді, оларға
шындап көңіл бөлмейді»
.
«Сіздің ойыңызша жергілікті билік органдары
БҰҰ ҚК 1325 қарарының қағидаларын өз іс-
әрекеттеріне
қоса ма?» деген сұраққа
11
сарапшы жергілікті билік органдарының
БҰҰ ҚК
1325
қарарын
жүзеге
асырумен
айналыспайтындығын тілге тиек етсе, бір
сарапшы өзінің болжамын былай деп білдірді:
«Айналысады деп ойлаймын, бірақ бар мәселе
формалды қатынаста»
.
«БҰҰ ҚК 1325 қарарының қағидаларын
Қазақстанда тиімді түрде жүзеге асыру үшін
Сіз қандай ұсыныс жасар едіңіз?»
деген
сұраққа сарапшылар төмендегідей пікірлер
білдірді:
«Мемлекет басшыларының қатысуымен
елде әйелдердің халықаралық форумдарын
ұйымдастыру»
(С-1);
«әйелдер құқықтары
бойынша пәрменді, таңдаулы комитеттер
құру»
(С-2);
«саяси ерік пен жеткілікті
қаржыландыру
қажет»
(С-4);
«халықты
жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін
үкіметтік емес ұйымдарды тарту»
(С-8);
«халық
арасында гендерлік теңдік идеологиясын кеңінен
енгізу және дамыту»
(С-7).
Достарыңызбен бөлісу: |