Саяси ұйымның аталған үш элементтерінің (институттарының) қызметтері —
қоғамның өркениет жолымен басқарылуын, дамуын қамтамасыз ету және
өркениетті даму идеологиясын,
стратегиясын жасау, құндылықтарын нақтылау
негізінде әлеуметтік ұйымдастыру.
Келесі топта — әлеуметтендіру институттары: отбасы, балабақша, мектеп т.б. білім
мекемелері, арнайы мәдени қызмет көрсету институттары (театр, әдебиет пен өнер,
бұқаралық ақпарат құралдары, музей, кітапхана т.б.). Міндетті қызметтері — жас
ұрпақты қоғам мен әлеуметтік уақыт талабына сай жан-жақты
тәрбиелеу, әлеумет
мәдениетін, денсаулығын, интеллектуалдық рухани байлығын, азаматтық
тіршілігін қамтамасыз ету.
Төртінші топта — әлеуметтік бақылау институттары: сот жүйесі; ішкі қоғамдық
тәртіпті, елдің қауіпсіздігін сақтау, ел іргесін қорғау органдары жүйесі және заңды
бұзғандарды түзету мекемелері. Бұлардың қызметінің негізі — заң, Ата заң
рухында даярланған заңдық — нормативтік құжаттар. Әрине,
заңды оны
қорғаушылардың өзі бұзса, өте өкінішті.
Сөйтіп, аталған әлеуметтік институттар өзінің тиісті қызметтерін барынша тиімді атқарса,
қоғамның жоғары дамыған өкениетті әлеуметтік кеңістік екеніне еш күмән болмайды.
Кез келген әлеуметтік институттың пайда болып, қалыпты қызмет етуінің, яғни
институттануының және қызметінің тиімді және дұрыс орындалуы мына факторларға
байланысты:
- бұл мекеменің (ұйымның) қызметіне қоғамдық сұраныстың болуы;
- мекеменің (ұйымның) заңдық, нормативтік негіздері мен мақсат, міндеттерін дұрыс
анықтаған құжаттардың болуы және реттелуі;
- әлеуметтік институттың функцияларын орындаушы маманданған кадрладың жеткіліктігі
және олардың біліктілігі;
- мекеме немесе ұйым алдына қойылған функцияларды атқаруды
қамтамасыз ете алатын
материалдық базаның болуы.
Істі атқарушы адамдар осы институт қызметі идеясын және міндеттерін өзінің ісі деп
қабылдап, оны ішкі түсінігіне және қажеттілігіне айналдырған жағдайда ғана олар барлық
күш-жігерімен еңбек етеді. Ал шын ниетімен емес, тек роль атқарушы адамдар да (тіпті
осы істің маманы бола тұра), өмірлік тәжірибеде кездесіп тұратын құбылыс. Бұлар
«қызметі» арқылы өздері қызмет етіп жүрген әлеуметтік институттардың қоғамдық
міндеттерін дұрыс атқаруына нұқсан келтірері сөзсіз.
Сөйтіп, аталған алғышарттарға сай жаңа әлеуметтік институт пайда болып, бой көтеріп,
адамдар мен қоғам игілігіне тиімді қызмет атақара бастаса,
оның институттану процесі
аяқталады деуге болады. Бүкіл даярлық жолы мен істің басталу барысын «әлеуметтік
институт» процесі яғни «институттану» дейді.
Достарыңызбен бөлісу: