Робот қимылы (қармаудан басқа) беріліс жылжуының гидравликалық
жетектермен жасалады. Басқару жүйесі-позиционды. Жүйе технологиялық
жабдықтармен робот жұмысын синхрондау үшін сытрқы құрылғыларды қосуға
мүмкіндік береді. Роботты программалау жөндеу үрдісі кезінде оқыту əдісімен
жасалады. Осы кезде қармау қозғалысы берілген нүктелерде ғана тоқтап,
басқару пульті арқылы робот қолын қажетті траектория бойымен тізбектей
өткізеді. Əр берілген позицияда тоқтаған кезде басқару пультінде жазу
батырмасы басылады. Осы кезде қол қосылысының жəне қолдың қалып
координаттары робот жадысында белгіленеді. Робот жадысына тағы қармауды
ашу жəне жабу командалары, технологиялық жабдықтарды басқару немесе
сыртқы құрылғыларды қабылдау командалары, позициялаудың нақты деңгейі,
берілген позицияда роботтың уақыттық кідірісті қосу сигналының командалары
енгізіледі. Жады блогына енгізілген əр позиция жайлы ақпарат программа
қадамы анықтайды.
Программаны қайта өндіру режимінде робот қармауы əр берілген
позицияда тоқталып траекторияның барлық берілген нүктелерін тізбектей өтеді.
Осы кезде программаның келесі қадамына өту келесі шарттарды орындағаннан
кейін жүзеге асады: бастапқы жəне жұмыс істелген жетек қалпының
сигналдарының келсіпеушілігі нольге тең; технологиялық жабдықтармен
жасалған басқару командалары туралы сыртқы сигналдар алынған; берілген
позицияда роботтың уақыт кідірісі аяқталды.
Роботтың жазу кезінде жылдамдығы номиналды немесе аз болуы мүмкін.
Соңғы жағдайында программаны қосқан кезде операцияны орындау уақытын
төмендеуіне жетіп жылдамдығын өзгертуге болады. "Unimate" өнеркəсіптік
робот температурасы 50°С аса бөлмелерде жұмыс істей алады. Оның қармауы
қысым астында соғу, штамптау жіне құю операциялары кезінде қыздырылған
дайындаманы алып жүре алады. Осы кезде қармаудың қызу температурасы
120
0
С аспауы қажет. "Unimate" өнеркəсіптік роботы құю, пресстік- соғу,
дəнекерлеу, механо-жинақтаушы
технологиялық
операцияларды
үшін,
термиялық өңдеу кезінде жəне өндірістің басқа түрлерінде қолданылады.
Негізгі əдебиет: 1 [105-109].
Достарыңызбен бөлісу: