Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет36/46
Дата27.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155297
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Бақылау сұрақтары:
1. Тағайындалуы бойынша роботтардың жіктелуі?
2. Ғарыш саласында қолданылатын роботтарға мысал келтіріңіз?
3. Суасты роботтары қандай мəселелерді шешеді?
4. Басқару сипаты бойынша суасты роботтары қандай мəселелерді шешеді?
5. Робототехника ғылымы нені оқытады?
14-дəріс. Өнеркəсіптік роботтар. Өнеркəсіптік роботтардың жіктелуі.
Өнеркəсіптік роботтардың тағайындалуы жəне қолданылу салалары.
Өнеркəсіптік роботтар (ӨР) саны жағынан басқа роботтар түрлерінен
артық. ӨР негізгі ерекшелігі бастапқы кезден бастап оларды ұйымдасқан ортада
жұмыс істеу үшін арнайды.ӨР қолданылатын өндідірісте роботтың тұратын
орны, қызмет көрсететін жабдықтар алдын-ала белгілі, роботтың жұмысы қатаң


анықталған. Мысалы, егер робот пресстік жабдыққа қызмет көрсетсе, робот
қармауы қоректендірушіден бұйымды алып, пуансон жəне матрица арасындағы
пресске қояды. Содан кейін бұйым кесіліп жоғарыға тасталады, қармау дайын
бұйымды конвейерге немесе керек орынға қояды. Бұл ұйымдастырылған орта
мысалы. Мұнда, мысалы ғарыш немесе су асты ұйымдаспаған жəне алдын-ала
болжанбайтын ортаға қарағанда, қарапайым басқарылатын роботтар қажет.
Роботтар құрылысының қарапайымдылығы, жəне де əртүрлі өндіріс
орталарының сұранымдарын қанағаттандыру үшін əртүрлі құрылысты үлкен
көлемде қарапайымнан бастап күрделі-интеллект элементтері бар адаптивті
роботтарды жобалау жəне пайдалану себептерін туғызды
Жоғарыда берілген анықтамаға қоса өнеркəсіптік робот деп- негізгі жəне
қосымша өнеркəсіптік операцияларды орындаған кезде, адамның тікелей
қатысуынсыз оның қозғалыс жəне ойлау функцияларын жасау үшін арналған
əмбебап автономды жұмыс істейтін автомат-
машина.
Негізі өнеркəсіптік оперцияларға роботтар жасайтын мысалы, дəнекерлеу,
бояу, құрастыру жəне т.б. жатады. Қосымша операция мысалы, станоктарға
қызмет көрсету, бұйымды тасымалдау жəне т.б. бола алады.Машинақұрастыру
өндірісінде технологиялық жабдықтарды жəне үрдістерді талдау кезінде, өндіріс
түрі бойынша ӨР қолданылатын тиімді областарын шығарды: құйма өндірісі-
ерітіндіні пресс-пішінге құю мехнизациясы, жұмыс бетіне майлау
материалдарын жағу; облой кесу; конвейерге скрапты жинау; өзекті дайындау;
құйманы титықтау; дробеметпен құйманы тазарту; сараптау, жүктеу, құйманы
тасу; басқа технологиялық жабдық жəне қысым астында құйма машиналарына
қызмет көрсету; ұсталық-баспақ өндірісі
-
аймақта басқа технологиялық
жабдықтарды жəне ұсталық-баспақ жұмыстарын синхрондау жəне қызмет
көрсету; металл кесу үшін қайшаларға қызмет көрсету; бұйымда окалинадан
тазарту; тасымалдау; дайын бұйымдарды ары қарай тасымалдау үшін конвейерге
беру; механикалық өңдеу, сынау, станоктарды жүктеу-бақылау; бұйымдарды
жəне дайындаманы операция аралықта тасымалдау;аймақта станок жұмысын,
көлік құрылғыларын жəне басқа жабдықтарды синхрондау, жинау автоматтарын
құрастыру жəне қызмет көрсету, бұйымды таңдау жəне бағыттау, жəшікке салу,
орнын ауыстыру, жұмыс орнына орналастыру; бекіту операцияларын орындау
(бекітпені таңдау, түйреуіш, бұранда, сомынды (гайка) орау), аймақта
жинақтаушы технологиялық жабдықты синхрондау; термоөңдеу-қыздыру
пештеріне қызмет көрсету; термоөңдеудің станоктарын жоғары жиілікті тоқпен
қызмет көрсету; аймақ бетінің қаттылығын өлшеу үшін тазалау; пісіру,
дəнекерлеу, газдық кесу, күрделі контурмен пісіру, пісіруден кейін жікті (шов)
тазарту, күрделі пішінді бұйымдарды плазмалық жəне газдық кескіш арқылы
кесіп алу, кесу режимін реттеу, бояу алдында бұйымды жуу, көлік құралына
бұйымды бояу жəне орналастыру, жуу ваннасы мен камераларға қызмет көрсету,
бояушы камераларға қызмет көрсету, пневмошашыратқышпен бұйымды бояу,
үлкен көлемді бұйымды пневмошашырағышпен бетін тегістеу жəне бояу;
бұйымдарды тазарту; гидроқұм тазартушы, ұнтақтаушы жəне басқа
аппараттармен жұмыс істеу, жəшікке бұйымда қармау жəне орналастыру,
ваннаны гальваносырлау, ванна жұмыс режимін басқару, бұйымды шешіп


жəшікке салу, іріктеу, буу, консервациялау, қажетті бұйымдар мен жинау
бірліктерін таңдау жəне қоймалау, бұйымды консервациялау, берліген ретпен
бұйымды жəшікке салу, бұйымды буу, қоймалау, тасымалдау жəне т.б.
операциялар жатады.
Дамыған елдерде автомобиль, ұшақ жəне кемелерді жасаған кезде
дəнекерлеуші, механожинақтаушы жəне бояушы роботтар қолданылады. ӨР
əртүрлі қозғалтқышты (электро-гидро қозғалтқыштар т.б.) шығаратын
зауыттарда қолданылады. Жоғары технологиялық өнімді шығаратын
өнеркəсіптің бəрінде роботтар қатысады. Мысалы, интегралды схемаларды
өндіру, əртүрлі аппаратураның электрондық құрылғыларын жинау толық
автоматтандырылған болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет