¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


 Электр тогымен жарақаттанған кездегі қауіптілікті



Pdf көрінісі
бет59/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
Байланысты:
treatise42883

3.6.2. Электр тогымен жарақаттанған кездегі қауіптілікті 
анықтайтын факторлар
Электр тогының адамға әсері адам денесінің электрге 
кедергісімен, ток кернеуімен және электр тогының әсерінің 
ұзақтығымен, адам денесінің өту жолымен және электр тогының 
жиілігімен, сонымен қатар сыртқы ортаның әсерімен сипатталады. 
Адам денесінің электрлік кедергісі.
Адам денесі электр тогын 
өткізгіш, бірақ электр кедергісі біртекті емес. Электр тогына барынша 
терінің кедергі мәнімен анықталынады. Тері негізгі екі қабаттан тұрады: 
кедергі келтіретін тері, сол себепті адам денесінің жалпы кедергісі
сыртқы – эпидермис және ішкі – дерма. 
Сыртқы қабат өз кезегінде бірнеше қабаттан тұрады, соңғысы – 
мүйіздік деп аталады. 
Мүйіздік қабат құрғақ, таза күйінде диэлектрик ретінде 
қарастыруға болады. Оның меншікті көлемдік кедергісі 10
5
– 10
6
Ом·м, 
басқа тері қабаттары ағзаның ішкі жасушаларының кедергісінен мың рет 
артық. 
Терінің құрғақ, таза және бұзылмаған күйіндегі кедергісі (15-20 В 
кернеуде өлшенген) 3-100 кОм және оданда жоғары көрсеткіште 
тербеледі, ал дененің ішкі қабат кедергісінің көрсеткіші 300-500 Ом 
тербеледі. 
Есептеу кезінде адам денесінің кернеу көрсеткіші 1000 Ом 
қабылдай алады. 
Шынында адам денесі тұрақты кедергілікті көрсетпейді. Ол тері 
жағдайына, қоршаған ортаға, электр тізбегінің параметрлеріне және тағы 
басқаларғада тәуелді болады. 
Мүйіздік қабаттың зақымдалуы дене кедергісін 500-700 Ом дейін 
төмендетеді, нәтижесінде адамның токпен жарақаттану қауіптілігі 
артады. 
Осындай әсерді сумен ылғалданған немесе терлеген тері көрсетеді. 
Сол себепті электр құрылғыларымен ылғал қолмен және терінің 
ылғалдылығын тудыратын жағдайда, сонымен қатар жоғары 
температурада жұмыс істегенде электр тогымен жарақаттану қауіптілігі 
артады. 
Теріні электр тогын жақсы өткізетін зиянды заттармен ластағанда 
кедергілік төмендейді. 
Дене терісінің кедергісі әртүрлі жерде әртүрлі көрсеткіш 
көрсетеді, сол себепті электр тогымен түйісу жері мен ауданы үлкен 
орын алады. Беттің, мойынның және алақанның терілері төмен 
кедергілік көрсетеді. Қолдың сыртқа жағындағы тері мен табан терісінің 
кедергісі үлкен көрсеткішті көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет