1
Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық Университеті
Төрешова Г.О., Керимкулова А.Р., Рысбекова А.Б.
Өндіріс қауіпсіздігінің негіздері
Оқу құралы
Алматы
«Қазақ университеті»
2015
2
3
КІРІСПЕ
Тіршілік қауіпсіздігі бұрынғы заманнан бері келе жатқан адамзат
баласының негізгі мәселелері болып табылады
[1].
Адамдар әрқашанда өздерінің қауіпсіздігін сақтауға тырысқан. Бірақ
өндірістің алдыға қарай дамуына байланысты бұл мәселе арнайы
маманды талап етті. Адамды қоршаған тірлік ортасындағы
қауіптіліктер әлемі мен олардың шиеленісуі үзіліссіз үдеуде, ал
олардан қорғану әдістері мен құралдары айтарлықтай кешеуілдетіп
жасалады және жетілдіріледі.
Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігіне қатысты сұрақтардың
деңгейі техника, технология және әлеуметтік-экономикалық жүйелермен
салыстырғанда әлдеқайда артта қалып келе жатыр. Қоршаған ортаның
адамзат денсаулығына тигізетін әсері күннен-күнге күрделену үстінде,
кей-кезде шикізат көзін (өндірістік, табиғи, әлеуметтік-экономикалық
және тағы басқалары) дифференциалдауға келмейді. Осыған
байланысты адам денсаулығы мен өмірін сақтау мәселелерін шешу үшін
интегралдық және кешендік қадам жасау қажет. Қазіргі замандағы
белгілі қауіпсізідік жүйелерімен белгілі бір саланы ғана қорғауға
болады, осы күнге дейін адамзат баласын әртүрлі спектрлерден
кешендік сақтау жолдары белгісіз болып келеді. Дәл осы әдістер белгілі
қауіпсіздік мәселелерін шешеді, ал осы қауіпсіздік шаралары жалпы
сауаттылыққа бағытталған және әртүрлі саладағы ғылыми-әдістемелік
фундамент болып табылып, халық шаруашылығының әртүрлі
салаларындағы еңбек қауіпсіздігінде, радиациялық қауіпсіздікте,
қоршаған ортаны қорғауды және тағы басқаларында қолданылады.
Сонымен, еңбек қауіпсіздігі (қорғау) – тіршілік қауіпсіздігінің аса
маңызды компоненті, себебі еңбек адамның тіршілігі мен дамуының
негізі болып табылады. Сонымен қатар, адамның іс-тәжірибесі кез-
келген қызмет түрі қауіпті деп пайымдауға негіз береді. Бұл аксиомадан
екі маңызды тұжырым шығады: адамзатқа мүлдем қауіпсіз іс-әрекет
өңдеп шығаруға болмайды (мүлдем қауіпсіз техника немесе
технологиялық үдеріс ойлап табу мүмкін емес) және іс-әрекет кезінде
адамзат баласына қауіпсіздікті мүлдем болдырмау мүмкін емес, яғни
адам қауіпті ортада өмір сүруге бейімделген. Еңбекті қорғау – қоғам
еңбегі мен өндіріс үдерісінің органикалық құрамы, оның негізгі
мақсаты – екі түрлі жолмен жайлы және қауіпсіз жағдай жасау: өндіріс
күшін тұрақты түрде дамыту мен жүзеге асыру және адамзат баласын
өндірістің субъектісі ретінде тұрақты түрде дамыту. Еңбекті қорғау
өндіріссіз жүзеге асырылмайды, яғни еңбекке қатысты екінші орында
орналасқан
[2].
Еңбекті қорғау еңбек үдерісіндегі адамзаттың қауіпсіз және тиімді
іс-әрекеті болып табылады. Сонымен қатар адамзат іс-әрекетінің негізгі
4
мәселелері болып табылады. Тұрмыста және өндірісте адамзат
баласының жарты өмірі өтеді. Адам баласының өміріне өндірістік
үдерістен келетін қауіптілік жоғары болып табылады.
Адамның өндірістік қауіпсіздігін қамту мәселесі ғылыми-техникалық
жетістік кезеңінде орнықты. Қазіргі уақыттағы техносферада еңбек
жағдайлары және адам өміріндегі ағзаның мүмкіндігін арттыратын
адаптациялық, физиологиялық және психологиялық факторлар
қалыптасады. Халықаралық еңбек ұйымдарының көрсеткіші бойынша
ТМД елдеріндегі өндіріс саласындағы өлім көрсеткіші Еуропалық Одақ
елдерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе жоғары болып келеді
[1].
Сараптамалардың көрсеткіші бойынша әлем бойынша өндіріс
аумағында жыл сайын 200 мың адам қайтыс болады және 120 млн. адам
жарақаттанады. Қазақстанның Федерациялық Одағының статистикалық
көрсеткіші бойынша жыл сайын 15 мың бақытсыз жағдай орын алып,
600 жуық адам қайтыс болады, ал 1,5 – 2 мың адам мүгедектікке
ұшырайды
[3].
Өндірістегі қауіпсіздік мәселесі азаймайды және ғылыми-
техникалық және қолданбалы сипаттағы сұрақтармен шектеліп
қалмайды. Бұл мәселенің әлеуметтік-экономикалық мағынасы зор.
Мемлекет адам құрбандықтары түріндегі орасан ысыраптар, елеулі
моральдық, материалдық және экологиялық нұқсан көтере алмайды
және көтермеуге тиіс. Қазіргі уақытта бұрынғы социалистік елдердегі
төтенше жағдайлардың туындау жиілігі, дамыған елдердегі осы
көрсеткіштен елеулі асады. Әсіресе, мұндай ауыр нәтижесі болмайтын
және қоғаммен ұқсас өндіріс мамандарын ғана қызықтырмайтын
«ұсақ» жағдайлар өндірісте жиі болып тұрады.
Өндірістегі
адам
қауіпсіздігін
қамту
саласындағы
қанағаттанарлықсыз жағдайлар адам өмірінің ұзақтығына және еліміздің
өлім көрсеткішіне кері әсер етеді. Қазіргі уақыттағы қайтыс болған
адамдардың ішіндегі еңбекке жарамдылардың өлімі 30% құраса, 1980
жылы 20-25% құраған (мәліметтер Ресейге қатысты). Қазақстанда бұл
көрсеткіш оданда жоғары және 38% құрайды. Дамыған елдердің
көрсеткіші бойынша адамның орташа өмір сүру мерзімі 70 жас.
Қазақстанда орташа өмір сүру мерзімі 64,4 жасты құрайды (еркектер –
59, әйелдер – 70,2). Ресейде адамның орташа өмір сүру мерзімі 65 жас
аралығын көрсетеді. Сараптаушылардің арнайы есептеулері үрейді
ұшырады, себебі қазіргі уақытта 16 жасқа толған жігіттердің орташа
өмір сүруі 60 жасқа дейінгіні құрайды. Ел-халқының денсаулығыда
нашар. Көптеген адамдардың иммунитеттік қорғанысы төмендеген,
инфекциялық аурулардың саны артып жүр, ауру балалар күнен-күнге
көптеп туылып жатыр. Қандайда бір экстремалды жағдай қолданбаса,
бұл жағдай болашаққа әсер етуі мүмкін
[3].
5
Болып жатқан оқиғалар, әсіресе адам өлімі болатын үлкен апаттық
жағдайлар адам өміріне моральді-психологиялық әсер тигізеді. Бұл
әлеуметтік, ал кейбір жағдайда көптеген аумақтарда саясаттық
кедергілерді тудырады және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді
және ары қарай дамытпайды. Ірі өндірістік апаттар мен қопарылыстарды
болдырмауға ерекше көңіл аудару керек, себебі сарапшылардың есептері
бойынша апаттың алдын-алу жолына жұмсалатын қаржы саны апат
болған жерді қайта қалпына келтіруге жұмсалатын қаржыдан 10 – 15 есе
аз болып келеді.
Өндірістік апаттар, жарақаттар, бақытсыз жағдайлар, сырқаттар
көрсеткішін сараптау нәтижесі осындай жағдайлардың болуының негізгі
себебі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, адамдардың техногенді
қауіптіктің және одан қорғанудың жолдарын білмеуі екені анықталды.
Қауіптікті тудыратын негізгі фактор адам іс-әрекеті. Еңбек, әсіресе
өндірістік іс-әрекет қауіптлігін, олардың болу себебін, олардың қорғану
жолдары мен бұйымдарын әртүрлі деңгейдегі мамандандырылған
қызметкерлер білуі керек.
Бұл үдерістің ең басты мақсаты – маман қандайда бір мәселені
шешуде, жұмысты атқару кезінде өзінің де, өзгенің де және өндірістің де
қауіпсіздігін бірінші орынға қою керек.
Достарыңызбен бөлісу: |