16
артуы (2-6 %). Тіпті ішкі өнім 3-5 % артқанның өзінде бұл көрсеткіштер
еліміздің экономикалық тұрғыда өсуіне кедергі келтіреді.
Технологиялық қауіпсіздіктің өсуі мен қамтылуы рационалды және
мемлекеттік реттеудің шекті технологияның жылдам дамуын,
технологиялық саябақтың жаңаруы мен өсуін, еліміздің азаматтық және
қорғаныс кешендеріне өндірістік өнім көлемін арттыруды талап етеді.
Техногенді қауіптіліктің өсуі өндірістік ортаның қауіпті және
зиянды факторлардың өсуімен бірге жүреді. Қазіргі заманғы техникалық
қондырғылар энергияға қанық және автоматтандырылған. Бірақ осыған
қарамастан адам өндірісті жүргізеді, басқарады және техникалық
жүйелер мен технологиялық үдерістерді басқарады.
Практикалық мақсатта еңбек жағдайларын бағалау және еңбек
қауіпсіздігін жобалау ұжымдарында ықтимал көрсеткіштерін қолдану
ыңғайсыз, сол себепті өндірістің әртүрлі қауіпті және зиянды
факторлардың адамға кері әсер ету көрсеткіштері ЕҚСЖ белгілі
стандарттарымен (еңбек қауіпсіздігінің стандарт жүйесі), гигиеналық
және санитарлы нормалармен, еңбекті қорғау және басқада нормативті-
хұқықтық акті ережелерінің нормативті мәндерімен анықталады:
Жұмыс аумағындағы кеңістікте зиянды заттардың шекті мөлшерлік
концентрациясы (ШМК), мг/м. Мысалы адамдар тұрақты болатын
ғимараттағы көміртек оксидінің ШМК 20 мг/м тең болады;
Жұмыс орнындағы (энергетикалық факторлар, сәулелер, токтар және
тағы басқалары) фактордың шекті жіберілетін дәреже (ШЖД).
Мысалы цехтағы ШЖД дыбыс дәрежесі 80 дБа тең;
Технологиялық үдерістердің, микроклиматтардың параметрлерінің
шектік мәндері (диапазон). Мысалы ауырлығы орташа жұмыс істелу
кезіндегі жылдың суық периодында тұрақты жұмыс орнында 15
басталып 21
0
С температура болу керек;
Жұмыс орнында сақталатын материалдардың және заттардың шекті
жіберілетін саны. Мысалы, жұмыс орнындағы жеңіл тұтанатын
сұйықтықтардың мөлшері ауыспалы нормадан аспау керек;
Қауіпті объектіге дейін қауіпсіздіктің минималды қашықтығы
(қозалатын жүк немесе қондырғы бөлшегі, электромагнитті немесе
басқада алаң көздері).
Достарыңызбен бөлісу: