Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет7/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

энтомология.
Энтомологияның дамуы насекомдардың практикалық және теориялық 
маңызымен байланысты. Насекомдардың көпшілігі ауыл шаруашылығының 
басты зиянкестері, адамға және жануарларға әр түрлі жүқпалы ауру 
таратушылар болып табылады. Пайдалы түрлері де көп. Сондықтан 
насекомдарды жан-жақты зерттеу, зиянкестерге қарсы шара қолдану 
әдістерін табу, энтомологияның негізгі міндеті. Энтомологияның дамуына 
үлкен үлес қосқандар: Н. А. Холодковский, А. С. Данилевский, Б. Н. 
Шванвич, Г. Я. Бей-Биенко, А. А. Штакельберг, А. С. Мончадский, М. С. 
Гиляров, В. В. Шевченко, А. М. Дубицкий, П. И. Мариковский, Т. Н. 
Досжанов.
Қай ғылым саласы болсын оның дамуына, ғылым ретінде танылуына 


зерттеу әдістері көп көмегін тигізеді. Неғұрлым жаңа зерттеу әдісі ашылса, 
соғұрлым жануарлардың жаңа белгілері, түрлері табылады. Мысалы,
XX 
ғасырдың соңғы жылдарының ірі табыстарының бірі - жаңа Погонофора 
типінің ашылуы болды.
Зоология - қазіргі уақытта тез дамып келе жатқан ғылым. Оның 
табыстарын жоғалтып алмай, жануарлар дүниесін қорғау және ғылыми 
негізінде ұтымды пайдалану, табиғат байлықтарын көбейту ісі әрбір адамның 
борышы.
ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Жер жүзіндегі жануарлар түрлерінің жалпы саны 2,5 миллионнан 
асады және жыл сайын жануарлардың жаңа түрлері сипатталып жазылуда. 
Жануарларды топқа бөліп жіктемесе, оларды зерттеу қиынға соққан болар 
еді.
Жануарлар әлемінің әр түрлілігіне байланысты олардың ұқсастық 
белгісіне не арасындағы айырмашылығына қарай систематика жануарларды 
таксондарға бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге. Ең кіші таксон 
"түр" (species). Әрбір түрге екі сөзден тұратын латынша аты берілген. Бірінші 
сөз зат есімі - туыстың аты, екінші сөз сын есімі - түрдің аты. Туыс аты түр 
атының алдынан үлкен әріппен жазылады. Осылай атау қосарлы немесе 
бинарлы номенклатура делінеді. Бинарлы номенклатураны швед ғалымы 
Карл Линней "Табиғат системасы" (1735) деген еңбегінде ұсынған. Қазіргі 
кезге дейін түрлерді қос атпен атау сақталынып келеді. Мысалы, Euglena 
viridis - жасыл эвглена, Fasciola hepatica - бауыр сорғыш, Locusta migratoria - 
көкқасқа шегіртке, Musca domestica - үй шыбыны.
Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы - туысқа (genus) жіктелінеді, 
жақын туыстар тобы - түқымдасқа (familia), жақын келетін тұқымдастар - 
отрядқа (ordo), отрядтар - класка (classis), кластар - типке (phylum) 
біріктіріледі.
Осындай жүйелеу топтарына аралық таксондар да қосылады.
Мысалы, типке - тип тармағы, класқа - класс тармағы, отрядқа - отряд 
тармағы, тұқымдаска - тұқымдас тармағы, туысқа - туыс тармағы және түрге 
- түр тармағы. Бұдан басқа класс үсті, отряд үсті, тұқымдас үсті, т. б. 
таксондар қосылады. Жануарлардың ірі классификациялық бірлігі - тип, 
ғасырлар бойы дамыған филогенетикалық системаның жоғарғы белгісі.
Қазіргі кезде жануарлар дүниесін мынандай 23 типке бөледі:
1. Саркомастигофора типі - Sarcomastigophora
2. Споралылар типі - Sporozoa
3. Книдоспоридиялар типі - Cnidosporidia
4. Микроспоридиялар типі - Microsporidia
5. Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі - Сіііорһога
6. Тақталылар типі - Placozoa
7. Губкалар типі - Spongia
8. Ішекқуыстылар типі - Coelenterata


9. Ескектілер типі - Ctenophora
10. Жалпақ құрттар типі - Plathelminthes
11. Немертиналар типі - Nemertini
12. Жүмыр құрттар типі - Nemathelminthes
13. Скребнилер типі - Acanthocephales
14. Буылтық құрттар типі - Annelida
15. Буынаяқтылар типі - Arthropoda
16. Онихофоралар типі - Опусһорһога
17. Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі - Mollusca
18. Қармалауыштылар типі - Tentaculata
19. Тікентерілілер типі - Echinodermata
20. Погонофоралар типі - Pogonophora
21. Қылтанжақтылар типі - Chaetognatha
22. Жартылай хордалылар типі - Hemichordata
23. Хордалылар типі - Chordata
Жануарлар типтерін даму ерекшеліктеріне, денесінің құрылым 
айырмашылығына, зерттеу әдістеріне қарай екі бөлімге бөледі. Бірінші 
типтен бастап 23-ші типке дейінгі - омыртқасыз жануарлар, ал 23-ші 
хордалылар типі - омыртқалы жануарлар.
Жануарлар дүниесі типтерден де жоғары ірі топтарға жіктеледі. 
Типтерді топтастыру - олардың ортақ құрылымын, деңгейін, арасындағы 
морфофизиологиялық, филогенетикалық байланыстарын көрсетеді. Оның 
схемасы 1- суретте берілген.
Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді: 
Protozoa -бір клеткалыларға және Metazoa - көп клеткалыларға. Protozoa 
тармағына қарапайымдылардың бес типі жатады: Sarcomastigophora, 
Sporozoa, Cnidosporidia, Microsporidia, Ciliophora. 
Қарапайымдылар - бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, 
физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені 
барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат 
алмасу, көбеюі, дамуы т. б. қызметтерді атқарады.
Көп клеткалылар (Metazoa) үлкен үш бөлім үсті топқа бөлінеді: 
фагоцителлозоа - Phagocytellozoa, алғашкы қарапайым көп клеткалылар. Бұл 
топқа тақталылар - Placozoa типі жатады. Екінші бөлім үсті - төменгі 
сатыдағы көп клеткалылар - Parazoa. Оларда мүшелері, тканьдері, нерв 
клеткалары болмайды. Бұл топқа губкалар - Spongia типі жатады. Үшінші 
бөлім үсті - нағыз көп клеткалылар - Eumetazoa. Денелері екі немесе үш 
қабаттан тұрады, мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары, нерв жүйесі жақсы 
дамыған. Eumetazoa тобындағы жануарлар мүшелерінің белгілі тәртіпте 
орналасуына немесе дене симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге 
бөлінеді: сәулелі (радиальды) - Radiata және екі жақты немесе билатеральды 
симметриялы жануарлар - Bilaterata.
Сәулелілердің (Radiata) - денелері шар, қапшык, циллиндр тәрізді. 
Жануарлардың отырып тіршілік етуіне және қоршап тұрған ортаның жан-
жағынан бір қалыпты әсер етуіне байланысты мүшелері бір орталық 


төңірегіңде радиальды бағытта орналасады, сөйтіп дененің сәулелі, немесе 
радиальды симметриясын құрайды. Сәулелі симметриялы жануарлардың 
денесі екі қабаттан тұрады: сыртқы - эктодермадан, ішкі - энтодермадан. 
Осы белгісіне орай олар екі қабаттылар - Diploblastica тобына жатады. 
Сәулелілерге Ішекқуыстылар - Coelenterata және Ескектілер - Ctenophora 
типтері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет