Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет2/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

АЛҒЫ СӨЗ
Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды 
зерттейтін ғылым - зоология. Зоология қарқынды дамып келе жатқан және 
биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық 
ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып келеді. Жануарлар 
әлемінің алуан түрлілігін, олардың құрылысы мен тіршілік әрекетін, дамуын, 
өзінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, шығу тегін зерттей отырып, 
органикалық дүниенің жеке және тарихи даму заңдылықтарын да тануға 
болады. Жануарлар әлемінің табиғаттағы, адам өміріндегі, халық 
шаруашылығындағы маңызы зор екені жалпыға мәлім.
Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекшеліктеріне, 
әр түрлі зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа - омыртқалылар мен 
омыртқасыздарға бөлу ертеден қалыптасқан. Омыртқалылар зоологиясын - 
хордалылар зоологиясы деп те атайды. Бұл пән жануарлар әлеміндегі 23 
типтің, ішіндегі бір ғана типін - хордалыларды (Chordata) қарастырады. Ал, 
қалған 22 типті қамтитын - омыртқасыздар зоологиясы. Осы 22 типтердің 
ортақ біркелкі құрылысы болмағандықтан омыртқасыздар зоологиясының 
өзіндік қиындықтары да аз емес.
Еліміздің егемендік алуы және қазақ тілінің мемлекеттік тілге айналуы 
жалғыз тіл мамандығына ғана емес, басқа да барлық ғылым мен техника 
саласындағы қызметкерлеріне үлкен міндет артып отыр. Бұл міндет, ең 
алдымен, өмірдің әр саласына сай жоғары дәрежелі мамандар даярлау 
жолындағы қиыншылықтармен байланысты. Қазақ тілін іс жүзінде 
мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру, білікті мамандарды даярлау үшін ана 
тілімізде жазылған оқулықтардың қажеттілігі күннен күнге өсіп келеді. 
Алайда, өкінішке орай, омыртқасыздар зоологиясы пәнінен әлі күнге дейін 
қазақ тілінде жарық көрген оқулықтар өте аз, жоқ десе де болады.
Осы жағдайларды ескере отырып орыс тілінде жазылған "Руководство 
по зоологии" 1937, 1940, 1951, В. А. Догельдің "Зоология беспозвоночных" 
1981, Д. М. Федотовтың "Эволюция и филогения беспозвоночных 
животных" 1966 кітаптарын және басқа да Ресей, Қазақстан ғалымдарының 
еңбектері мен ғылымның соңғы жетістіктерін басшылыққа алып, автор ұзақ 
жылдар бойы (1961-2002) омыртқасыздар зоологиясы курсы бойынша 
оқыған лекцияларын жинақтап, іріктеп, сабақ өткізу тәжірибелерін сыннан 
өткізіп, тиімді формаларын пайдаланып оқулығын оқырмандарға ұсынып 
отыр.
Оқулықта омыртқасыз жануарлар әлеміндегі 22 типтің әрқайсысына 
систематикасымен қатар құрылым ерекшеліктері, биологиясы, көбеюі мен 
дамуы, экологиясы, таралуы, тсориялық және практикалық маңызы 
сипатталып жазылған. Сонымен бірге ғалымдардың зоология ғылымына 
арналған еңбектері де қамтылып, жануарлар типтерінің палеонтологиясы мен 
филогениясы да баяндалған. Қазақстанда кездесетін омыртқасыз жануарлар 
түрлеріне, өсімдік зиянкестеріне, паразиттік тіршілік ететін түрлеріне талдау 


жасалынды. Жануарлардың систематикасы негізінен жоғарыда аталған В. А. 
Догельдің "Зоология беспозвоночных" кітабынан, ал суреттер В. А. 
Догельдің және басқа да авторлардың оқулықтарынан алынған. 
Қарапайымдылардың систематикасын жасауда (Levine et.al., 1980) 
Халықаралық комитеті Protozoa патшалық тармағын 5, 7 немесе 9 типтерге 
жіктейді. Мысалы, бұрынғы Sporozoa типі қазір 4 типке бөлінген. 
Asthetosporidia мен Labyrinthomorpha жаңа типтері қосылды. Жеке типтер 
шеңберінде де қатты өзгерістер болып жатыр. Қарапайымдылар жүйесі 
орнығып болмағандықтан біз В. А. Догельдін. "Зоология беспозвоночных" 
(1981) атты оқулығында берілген жүйені пайдаландық. Қарапайымдылар 
жүйесімен тереңірек танысқысы келетіндерге К. Хаусманның 
"Протозоология" (1988) атты оқулығын ұсынамыз.
Ұсынылып отырған оқулық университеттер мен педагогикалық, ауыл 
шаруашылық, медициналық, мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық 
жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғылыми қызметкерлеріне
магистранттарына және биология саласының мамандарына арналған.
Омыртқасыздар зоологиясы оқулықтарға қойылатын талаптарға және 
мемлекеттік университеттерге арналған қазіргі типтік бағдарламасына сай 
жазылды. Оның үстіне бұл оқулыққа бұрынғы орыс тілінде шыққан 
оқулықтарға кірмеген жаңа мәліметтер енді. Оқулықты жазу барысында 
мүмкіндігінше жүйелік, үйлесімділік, нақтылық принциптерін сақтай отырып 
дәйекті түрде баяндалуына және студенттерге үғынықты болуына үлкен мән 
берілді.
Оқулық кіріспеден, 2 бөлімнен, 4 тараудан құралған, омыртқасыз 
жануарлардың 22 типі деңгейлік жүйемен орналасқан.
Оқулық екі кітаптан тұрады.
Бірінші кітапта омыртқасыз жануарлардың 15 типі қарастырылған: 
саркомастигофора
- Sarcomastigophora,
споралылар
- Sporozoa, 
книдоспоридиялар - Cnidosporidia, микроспоридиялар - Microsporidia, 
кірпікшелілер - Сіііорһога, тақталылар - Placozoa, губкалар - Spongia
ішекқуыстылар - Coelenterata, ескектілер - Ctenophora, жалпақ құрттар - 
Plathelminthes, немертиндер - Nemertini, жұмыр құрттар - Nemathelminthes, 
скребнилер - Acanthocephales, буылтық құрттар - Annelida, буынаяқтылар - 
Arthropoda (кластары: шаянтәрізділер, трилобиттер, семсерқұйрықтылар, 
алып калқаншалылар, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар).
Екінші кітапта омыртқасыз жануарлардың 8 типі қарастырылған: 
буынаяқтылар -Arthropoda (насекомдар немесе алтыаяқтылар класы), 
онихофоралар - ОІтусһорһога, моллюскалар - Mollusca, қармалауыштылар - 
Tentaculata, тікентерілілер - Echinodermata, погонофоралар
-
Pogonophora, 
қылтанжақтылар - Chaetognatha, жартылай хордалылар - Hemichordata және 
жануарлар әлемінің филогенетикалық дамуының негізгі сатылары 
көрсетілгсн.
Кітаптың соңында омыртқасыздар зоологиясында кездесетін ғылыми 
терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі және термин аталымдарының 
алфавиттік көрсеткіші беріліп отыр.


Ұсынылып отырған еңбектің кемшіліктері жоқ деуден аулақпыз, 
сондықтан да оқырмандар тарапынан ұсыныс-пікір білдіреміз деушілерге, 
автор ризалық білдіріп, ілтипатпен қарсы алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет