156
157
ЖАЙ СӨЙЛЕМ ЖӘНЕ ИНТОНАЦИЯ
Жай сөйлемдер айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді. Олар: хабарлы, сұраулы,
бұйрықты және лепті сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерімен
қатар, олардың бір-біріне ұқсамайтын интонациялық көріністері де бар.
–
Хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері. Қазақ тілінде де басқа тіл-
дер сияқты хабарлы сөйлемдер бір мүшелі және екі мүшелі болып екіге бөлінеді. Бір
мүшелі хабарлы сөйлем қанша синтагмадан тұрса да, ішкі мазмұнында логикалық
қайшылығы жоқ, біртұтас семантикалық, интонациялық бірлік құрайды. Мысалы:
Демалыс күні еді (Мұстафин). Бәрі орындарынан тұра бастады (Әуезов). Күн ұясы-
на кіріп бара жатыр (Мұстафин).
Екі мүшелі хабарлы сөйлемдерде сол екі мүшенің
арасында әдетте өзара мазмұндық тайталастық немесе қалайда теңдесуге бағыттал-
ған бір бәсекелестік байқалады. Мысалы:
Қара тақтайсыз мұғалім – тебенсіз кемпір
ғой (Аймауытов). Қарағанды облысы – еліміздегі ең қуатты да құнарлы өңірдің бірі
(«Ана тілі» газеті).
–
Сұраулы сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері. Сұраулы сөйлемдер оған
қойылатын сұрақтардың мазмұнына қарай әртүрлі болады: ашық сұрақ (тура сұ-
рақ), күмәнді сұрақ, қарсы сұрақ, риторикалық сұрақ. Әр сұрақтың өзіне тән инто-
нациялық ерекшеліктері бар.
–
Бұйрықты сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері. Бұйрықты сөйлемдер
қатал бұйрық және сыпайы бұйрық интонемалары арқылы беріледі.
–
Лепті сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері. Лепті сөйлемдердің бәрі
дерлік эмоциялық-экспрессивті мағынаға ие болғандықтан, баяу қарқынмен, нық,
айрықша тембрмен айтылып, лепті интонемамен беріледі.
–
Оқшау сегменттердің интонациялық ерекшеліктері. Оқшау сегменттер өзінің
сөйлемдегі мағынасына қарай қаратпа және қыстырма деп бөлінеді. Осыған орай
оқшау сегменттермен келген сөйлемдердің де интонациялық ерекшеліктері болады.
1. Берілген сөйлемдерді жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне
бөліп, қажетті интонациялық ерекшеліктермен оқыңыздар.
Қазір елімізде 131-ден астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп
жатыр Тұңғыш президенттік сайлау 1990 жылы ма, 1991 жылы ма және қай айда
өтті Әрине, балам, ғасырлар бойы армандаған жеңісіміздің бірі – ел егемендігі Ба-
лам, мұндай атаулы күнді білмеу жастарға ұят саналады Он жылдың ішінде Астана
әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты деп айта аламыз
Достарыңызбен бөлісу: