Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет2/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

1-БӨЛІМ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ, 
ӘЛЕУМЕТТІК-ӘКІМШІЛІК БӨЛІНІСІ. ЕЛОРДА. ІРІ ЖӘНЕ КӨНЕ 
ҚАЛАЛАР
Ой бөлісейік
1. Төмендегі тірек сөздерге назар аударыңыз. Олардың әрбірінің мағынасын
ашатындай сөйлемдер құрастырыңыздар.
егемен, тәуелсіз, әлеуметтік-әкімшілік бөлініс, қоныс аудару, көші-қон 
саясаты, карта түрлері, демографиялық ахуал, қала, кент, шаһар
2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?
3. Мұндай жер көлемінің ауқымдылығы елімізге қандай мүмкіндіктер береді
деп ойлайсыз?
4. Көптеген дамыған елдер қазба байлығымен емес, онда тұратын «адами капи-
талымен» мақтана алады. Бұл мәселеге сіздің ойыңыз қандай?
ОҚЫЛЫМ
Сұхбатты мұқият оқыңыз.
-
Әке, Қазақстанды ежелден қоныстанып келген қазақ халқы ма?
-
Иә, балам, оны неге сұрадың?
-
Қазақстанда басқа ұлт өкілдері көп қой, басқа елдерде мұндай емес.
-
Ойың дұрыс, балам. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ елін паналап кел-
ген халықтар біздің достыққа адал, бауырмал, қонақжай екеніміздің арқасында 
осы елде тұрақтанып қалды. Қазір елімізде 131-ден астам ұлт өкілдері бір шаңырақ 
астында бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – қазақ халқының ең үлкен жетістігі.
-
Бұдан да зор жетістігіміз – тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз емес пе, әке!
-
Әрине, балам, ғасырлар бойы армандаған жеңісіміздің бірі – ел егемендігі.
Сенің ағаң сол тәуелсіздікпен түйдей жасты. Ол туылған 1991 жылы 16 желтоқсан-
да қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін 
мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
-
Сондықтан да есімін Азат деп қойдыңыздар ма?
-
Иә, елімізге тәуелсіздік оңай келген жоқ, сол жолда бабаларымыз басынан не
кешпеді, не өткермеді? Екі жүз жылдық жоңғар-қазақ тартысында Абылай хан сияқ-
ты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді шешен де көсем билер, Қабанбай, Бө-
генбай, Наурызбай, Қарасай сынды қас батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.
-
Бүгін тарих сабағында мұғалім Қазақстан туралы хронологиялық карта жа-
сап келіңдер деді. Соған сіздің көмегіңіз қажет.
-
Көмектесуге әзірмін, балам. Сұрағыңды қоя бер.
-
Тұңғыш президенттік сайлау 1990 жылы ма, 1991 жылы ма және қай айда
өтті?
-
1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш президенттік сайлау өткізілді, сайлау нәти-
жесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
-
Ал мемлекеттік рәміздер, ұмытпасам, жазда қабылданды ғой деймін?
-
Балам, мұндай атаулы күнді білмеу жастарға ұят саналады. 1992 жылы 4 ма-
усым – Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 
– туы, елтаңбасы және әнұраны қабылданды.
-
Әке, мен де біраз тарихты білетін сияқтымын. 1992 жылы наурызда Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды ғой.
-
Иә, 2 наурыз 1992 жылы. Ал тарихтан хабардар болсаң, тұңғыш Ата Заңымыз
қай жылы қабылданды, балам?
-
1993 жылы 28 қаңтарда.
-
Ал жаңа Конституциямыз ше?
-
1995 жылы 30 тамызда.
-
Бәрекелді, балам. 1997 жыл 10 қазан – президенттің жарлығымен мемле-
кеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.
-
Иә, әке, көмегіңізге көп рақмет! Ендігі жерде сол алдыңғы толқыннан үйре-
нетін үлгісін, тәлімін алатын, қанатты ісін жалғастыратын дәстүр біздің еншімізге 
де тигелі отыр. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз бен парыз 
болып саналады.
-
Бағытың дұрыс, балам, ісің алға бассын!
(Қазақ тілі: оқу құралы)
1. Сұхбатты негізге ала отырып, өздеріңіз де Қазақстан жайлы сұхбат құрастырып
көріңіздер.
2. Қазақ елі үшін маңызды әрі атаулы күндердің хронологиялық картасын түзіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет