Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет3/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

СӨЙЛЕСІМ
1. Өзіңіздің туған, оқыған және тұратын жерлеріңізді картадан көрсетіңіз.
-
Олар қалай аталады?
-
Ол жерлер Қазақстанда орналасқан ба? Қазақстанда болса, қай бөлігінде?
-
Аталмыш жер туралы бір-екі сөйлеммен не айта аласыз? Ерекшелігі
неде?
-
Олардың тарихы туралы білесіз бе?
-
Қаласаңыз, өз туып-өскен жеріңіз туралы таныстырылым әзірлеңіз.
2. Төменде берілген қанатты сөздердің мәнін қалай түсінесіз?
Жаман жүрген жеріне өрт салады.
Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат.


6
7
ТЫҢДАЛЫМ
1. Астана қашан еліміздің бас қаласы мәртебесіне ие болды?
2. Астана қаласының артықшылықтарын сөз етіңіз.
3. Елордамыз жайлы жазылған қандай шығармалар немесе түсірілген фильм-
дерді білесіз?
 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елорданы көшірудің он жылдығына арналған сал-
танатты жиналыста сөйлеген сөзін тыңдаңыздар және бос орындарға қажетті 
сөздерді қойыңыз.
Құрметті халайық! Астаналықтар мен меймандар!
Әр елдің болашақ .................... айқындайтын тарихи кезеңдері болады.
Сондай кезең біз үшін астанамыздың .......................... төріне көшірілуі екенін 
уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Өткен күнде белгі жоқ, ол кезде жағдай мүлде басқа-
ша болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ........................ анықтау, оларды тиянақ-
ты түрде жүзеге асыру мәселелері, біріншіден, .......................... білікті, екіншіден
......................... қажет етті. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, Қа-
зақстан үшін жаңа тарихтың басталғаны, ал ол ескі тарихтың ................ жалғасы 
бола алмайтыны белгілі еді. ............ ой, батыл әрекет қажет болды. Міне, осы тұста 
өзімнің көкірегімде қайнап піскен идеяны, ешбір ...................... қарамастан, кейбір 
......................, тілектес жандардың да күдіктеріне қарамастан аяғына дейін қорғап 
шыққанымды сіздердің алдарыңызда бүгін ............................ еске аламын. Он жыл-
дың ішінде Астана әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты деп айта аламыз. 
Астананың ................. небір ................... елдерден келген шетелдіктер таңғалуда.
Астана – ең алдымен азаматтығымыздың ................, Қазақстан жаңа тарихы-
ның шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, ....
.................................., береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі.
(ҚР мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесінің Негізгі оқулығы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет