Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет156/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

ҚАРСЫЛЫҚ МӘНДІ СӨЙЛЕМ
Қарама-қарсы іс-оқиға баяндалатын сөйлем қарсылық мәнді сөйлем деп атала-
ды. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мағынада болады. Олар 
өзара бірақ, дегенмен, алайда, сөйтсе де, сонда да, әйтсе де жалғаулықтары арқы-
лы байланысады. Мысалы: 
Олардың тобында аз ойыншы болды, бірақ оған қарамас-
тан ойынның жеңімпаз командасы атанды. Жаңа технологиялардың бізге келтірер 
пайдасыкөп-ақ, әйтсе де оның денсаулыққа тигізер кері әсерін де естен шығармау 
керек.
1. Төмендегі сөйлемдерді қарсылық мәнді сөйлемдерге айналдырыңыз.
Үлгі:
Оның қоғамға сіңірген еңбегі көп-ақ.
Оның қоғамға сіңірген еңбегі көп-ақ, алайда мемлекеттік сыйлыққа 
ұсынылмады.
1. Жобада біздің сала бойынша грант берілмейді, ...
2. Жұмысы айтуға тұрарлықтай емес еді, ...
3. Бұл фильм ақырғы айналымға дейін жоғары дауыс жинады, ...
4. Мен Нобель сыйлығының иегерлерінің көбісін білемін, ...
5. Олар мемлекеттік стипендияға үміткер атанды, ...
2. Қарсылық мәнді сөйлем жасайтын жалғаулықтардың әрқайсысына екі мы-
салдан келтіріңіз.
жалғаулық
мысал
Бірақ
Дегенмен 
Алайда 
Сөйтсе де
Сонда да
Әйтсе де
СЕБЕП-САЛДАР МӘНДІ СӨЙЛЕМ
Құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін 
білдіретін сөйлемді себеп-салдар мәнді сөйлем дейді. Себеп-салдар мәнді сөйлемде 
бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе, екіншісі білдіретін 
ой оның салдары болып табылады. Сөйтіп, құрамындағы жай сөйлемдердің бірі се-
беп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады. Себеп-салдар мәнді сөйлемдер
сондық-
тан, сол себепті, себебі, өйткені
жалғаулықтары арқылы байланысады. Мысалы: 
Олар көше алмады, өйткені көлігі жоқ болды. Саймасай қатты сескенді, сондықтан 
тұла бойы дір ете қалды.
1. Төмендегі сөйлемдерге қажетті жалғаулықтарды қойып жазыңыз. Өздеріңіз 
де осы тақырыптағы сөйлемдер қатарын жалғастырыңыз.
Мүмкіндігі шектеулі жандар мейірімге зәру, ................. олар үкімет тарапынан 
қамқорлыққа алынады. Қазіргі таңда жастар тәрбиесіне көп көңіл бөлінуде, ............ 
жастар – ұлт болашағы. Әлемде көмекке мұқтаж адамдардың саны артуда, .............. 
қайырымдылық қорлардың саны да көбеюі тиіс. ..........................................................
.................................................
2. Берілген сұрақтарға себеп-салдар мәнді сөйлемдерді пайдалана отырып, 
жауап беріңіз.
1) Неліктен атақты жұлдыздар қайырымдылық істерге көп көңіл бөлуде?
2) «Қайырымды жүрек қартаймайды» сөзінің мәнісі неде?
3) Өзіңіз қайырымдылық жасағанды ұнатасыз ба?


178
179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет