91
90
ЖАЗЫЛЫМ
Театр тарихы
27 наурыз барша әлем Театр күнін атап өтеді. World Theatre Day 1961 жылы Вена
қаласында өткен ЮНЕСКО Халықаралық театр институтының IX конгресінде бекітіл-
ді. Атаулы күн 1962 жылдан бері тойланып келеді.
Ортағасырларда әйел адамдарға тек құлдар мен күлкілі кейіпкерлер бейнесін ғана
сомдауға рұқсат берілген.
Әлемде билет алу жүйесі ерекше театр бар. Ол АҚШ-тың Вирджиния штатында
орналасқан. «Бартер Театрына» кіру билетін ақшаға емес, тамаққа айырбастап ала-
ды. Еуропадағы ең көне театр Хорватия елінде орналасқан. Иония театрларын-
да бір қолы жоқ жауынгерлердің қасына тақыр бас құлдарды отырғызатын болған.
Қойылым ұнаған жағдайда жауынгерлер шапалақтау үшін бір қолымен құлдың ба-
сынан соғады екен.
Ежелгі Рим театрлары комедияларында тек гректерді күлкіге айналдырса, грек-
тер де өз кезегінде римдіктер өмірін мысқылдайтын болған.
Алғаш рет фонограмма Ежелгі Римде пайда болған. Ливий Андроник есімді дра-
матург пьесалар жазуымен қоса, сол қойылымдарда өзі ойнайды екен. Бір күні оның
дауысы шықпай қалып, қойылымды шегерудің орнына сахна артына актер орнына
сөйлейтін адам қояды. Ал, өзі сахнада тек аузын жыбырлатып қана тұрған.
Сицилияда бір ай шамасына созылатын қойылым көруге болады. Ал, көне заман-
да, тіпті, бір жылға созылатын қойылымдар да болған. Күндіз жұртшылық жұмыс жа-
саса, кешке қарай қойылымның жалғасын көру үшін театрға асығатын. XVI ғасыр
театрларында әйел адамдар көбіне Франческа, Коломбина, Смеральда есімді кейіп-
керлерді сомдайтын. Өйткені, сол уақытта бұл есімдер кең таралған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: